Программалау
технологиясында, қолданушының компьютердің программалық және
аппараттық жабдықтарымен жұмыс жасау үшін пайдаланатын әдістері мен құралдарының
жиынтығын «қолданушының интерфейсі» деп атау келісілген.
Қазіргі заманауи ақпараттық жүйелердің жұмыс жасау мүмкіндіктері
қолданушының
интерфейстерімен тығыз байланысты. Мысалы, қандай да болмасын объектінің (компьютер,
программалық жабдық немесе подпрограмма) интерфейсі ӛзгермейтіндей тұрақты болса,
онда объектінің ӛзін ӛзгертуге кӛбірек мүмкіндік болар еді, яғни оның басқа объектілермен
(мысалы, қолданушымен) қарым-қатынас қағидалары қарастырылмайды.
Есептеу жүйелеріндегі интерфейстерді компьютерлік техникаға қатынас тұрғысынан
келесі топтарға бӛледі (3.14- сурет):
-
аппараттық интерфейс;
-
программалық интерфейс;
-
қолданушының интерфейсі.
3.14- сурет. Есептеу жүйелеріндегі интерфейстер
Қолданушының интерфейсі барынша
қолданушыға жақын болуы қажет, себебі
қолданушының назары программада емес, керісінше ӛзінің жасап жатқан құжатында болуы
керек. Мысалы, жиі қолданылатын командалардың бірі 2-3 деңгейлерде яғни басқа бір ішкі
мәзірлерде орналасса , оны іздеуге қолданушының біраз уақыты кетіп отыратын болса, онда
интерфейсті қолданушыға жақын немесе ыңғайлы деп айтуға келмейді.
Программалық
жабдық үшін интерфейстің маңызы ӛте зор. Программа қанша жерден жақсы бола берсін,
егер онымен жұмыс жасау ыңғайсыз болса, онда оны қолданушы қабылдай алмайды.
Қолданушы интерфейстерінің қазіргі кӛп тарағаны- графиктік интерфейс. Мысалы,
Windows операциялық жүйесінің кӛп таралуының бір себебі,
оның қолданушыға ыңғайлы
графиктік интерфейсінің болуы деп айтылып жүр. Қолданушының графиктік интерфейсі
программалық
интерфейстер:
Есептеу жүйелеріндегі
интерфейстер
аппараттық
интерфейстер:
қолданушының
интерфейстері:
Желілік интерфейс
Желілік шлюз
Шиналар
Функция интерфейсі
Қосымшаны программалау интерфейсі (АРІ)
Процедураларды қашықтан шақыру
СОМ- интерфейс
Объектіге-бағдарланған программалаудағы
интерфейс
Командалық жол
интерфейсі
Графиктік интерфейс
Диалогтық интерфейс
Кәдімгі
тілдегі интерфейс
Тактильдік интерфейс
Дыбыстық интерфейс
Нейрокомпьютерлік
интерфейс
(Graphical User Interface, GUI) 1970-ші жылдардың ортасында,
Xerox Palo Alto Research
Center-де (PARC), Smalltalk ортасында жұмыс істейтін Alto және Star машиналары үшін
жасалған алғашқы жұмыстардан басталды. Кейде оны «визуальды интерфейс» немесе
«терезелі графикалық орта» деп атайды. Қазіргі заманауи жүйелердің кӛпшілігінде, мысалы,
Microsoft Windows
,
Mac OS
,
Solaris
,
GNU/Linux
,
NeXTSTEP
,
OS/2
,
BeOS
,
Android
,
iOS
,
Bada
,
MeeGo
жүйелерінде қолданушының графиктік интерфейстері пайдаланылған.
Қолданушының графиктік интерфейсі графиканы
растрлық экран дисплейінде
қолдануға мүмкіндік береді. Графика экранда элементтердің нақты орнын кӛрсетеді,
ақпаратты берудің визуальды ортасы және кӛрнекі графика және форматталған мәтіндер
барлығы бірігіп «не кӛрсең соны аласың» (WYSIWYG - What you see is what you get)
мүмкіндігін береді.
Қазіргі қолданушылар компьютерді үйрену және жаңа программаларды меңгеру үшін
кӛп уақыт шығындамайды. Windows үшін жазылған программалық жабдықтардың кӛбінде
дерлік бір типтес қолданушы интерфейстері пайдаланылатындықтан, олар қолданушы үшін
бір мағынада қабылданады. Windows жүйесі осыған кӛмектеседі. Windows үшін жазылған
программалық жабдықтардың қолданушыға арналған интерфейсінің негізгі элементтері:
терезелер, мәзірлер, сұхбат терезелері, суретті батырмалар және т.б. болып табылады.
Қолданушының интерфейсін құру кезеңдері
программалық жабдықты құзу
кезеңдерімен сәйкес келеді және есептің қойылуы, талаптар мен спецификацияларды
анықтау, жобалау, жүзеге асыру, тестілеу мен жӛндеу секілді кезеңдерді қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: