2-мәтін
Ұрпақ заманынан озбаса...
Мұрат үнемі әкесінен нені болса, соны сұрайтын. Әкесі де оған өте ыждағатпен жауап беретін.
Бірде ол әкесінен:
- Әке, неге осы ат жүргенде алдыңғы аяқтары басқан ізінен артқы аяқтарының басқан ізі асып
түседі? - деп сұрады. Әкесі:
- Балам, ол солай. Алдыңғы аяқтары басқан ізден артқы аяқтары басқан ізі озып түсіп
отыратын қасиет тек жүйрік, бәйге аттарында ғана болады. Оны сен аңғарған екенсің, демек,
сенен де бір ақылды адам шығар. Ол тағы: Бұрын шыққан құлақтан кейін шыққан мүйіз
озатынының да белгісі, - деді.
Бала:
- Бұрын шыққан кұлақтан кейін шыққан мүйіз оза ма? Неге?- деп сұрады әкесінен. Әкесі:
- Иә, балам. Мәселен, құлақ туа бітеді. Ал мүйіз болса малдың төлі туғанда болмайды. Кейін,
үлкейе келе, біртіндеп өсе келе құлақтан да озып, ұзарып кетеді. Өзің қарашы, ана ала
тайыншаның туғанда мүйізі бар ма еді? Жоқ болатын. Ал құлағы ше? Құлағы бар болатын. Бір
айдан кейін мүйіз шыға бастады. Келер жылы мүйізі құлағынан әлдеқайда ұзын болып өседі.
Сен ақылдысың. Демек, Ақбақайдың артқы аяғы алдыңғы аяғынан озып түскеніндей, ала
тайыншаның туғанда жоқ мүйізінің туғанда бар құлағынан асқанындай, сен де үлкейгенде
қатарыңнан озасың, балам. Олай етпесең, сенің менен туған ұрпақ болғаның қане? Ұрпақ
заманынан озбаса, қатарынан озбағаны да. Мен сенің менен озғаныңды қалаймын, - деді әкесі.
3. Мәтіндегі әкенің соңғы сөзіне қатысты мақал
A) Күш атасын танымас. D) Жақсы бала - әкеге құт.
B) Тілі тәтті - көңілі қатты. E) Талайлымен таласпа.
C) Шешінген судан тайынбас.
4. Әкесі неге риза болды?
A) Айтқан сөзін баласы жерге тастамағанына
B) Баласына орынды ақыл айтқанына
C) Баласының аттың сырын білетіндігіне
D) Баласының білімпаздығына
E) Жақсы мысал табылғанына
5. Баланың әкесіне қатысты сипаттама
A) Көңілді B) Сабырлы C) Сымбатты D) Еңбекқор E) Адал
6. Әкесінің «Ұрпақ заманынан озбаса, қатарынан озбағаны да. Мен сенің менен озғаныңды
қалаймын» деген сөзінің мағынасы
A) Барлық қырынан әкесінен де жақсы болып өссін дегені.
B) Ақылы жасына сай болсын дегені.
C) Дене бітімі әкесінен ірі болсын дегені.
D) Өнер, білім таңдауда абай бол дегені.
E) Қатарынан қалмай өссін дегені
Достарыңызбен бөлісу: