1069-нұсқа 1-мәтін Бөлтірік шешеннің сөзі
Бөлтіріктің қартайған шағында ақыл сұрай келген бір жас жігіт:
- Ақ ата (Бөлтірікті жұрты осылай атаған), бақ кімге қонады? Бала ыстық па, байлық ыстық па?
- дейді.
Сонда Бөлтірік:
- Қарағым, байлық - қолға ұстаған мұзың емес пе, бақ - ол да ұшқан бір құсың емес пе, бала -
артта қалған ізің емес пе?! Бәрінен жолдас-жораңмен, ағайын-туысыңмен, ел-жұртыңмен «сіз-
біз» деп өмір сүргенге не жетсін. Осыларға жүрегің жылы болса, қайғың - күл, куанышың - от! -
дейді.
1. Мәтін мазмұнында кездеспейтін нұсқа
A) қолға ұстаған мұз C) ұшқан құс E) бала - жұбаныш, қарт - қазына
B) артта қалған із D) қайғы - күл, куаныш - от
2. Бөлтірік шешеннің айтуы бойынша бақ қонатын жігіттің сипаты
A) баласы көп жігіт D) бақ құсы қонған жігіт
B) жүрегі мықты жігіт E) көпті сыйлаған жігіт
C) ұзақ өмір сүрген жігіт