Мәңгілік Ел ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың



Pdf көрінісі
бет106/245
Дата08.02.2022
өлшемі3,96 Mb.
#122335
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   245
Байланысты:
оқу сауаттылығы

1108-нұсқа 
1-мәтін 
Бір үзім нан 
Подьезден шыққан кішкентай қыз қолындағы жұқа дорбаны әрең көтеріп, қоқыс 
жәшігіне әкелді де аудара салды. Жапырақтай-жапырақтай кесілген, жартылай желінген аппақ 
нандар! 
Мұны көзі шалып қалған Ғаббас қария: 
-
Әй, балам-ау, обал емес пе? – дегенше қыз подьезд есігіне зып беріп кіріп кетті. 
Нұржан мектептен қайтып келе жатқан. Көрші қарияның ренжіп, басын шайқап отырғанын 
көріп: 
-
Ата, кімге ренжіп отырсыз? – деп сұрады. 
-
Е-ей, балам-ай! Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді. Сонау сұрапыл Ұлы Отан соғысы 
жылдары біз он-он бір жастағы бала едік. Қарнымыз тойып тамақ та ішпейміз. Нанды 
мөлшерлеп береді. Жегіміз кеп, тәбетіміз тартып тұрса да сұрамаймыз... Қазір ше? Нанды 


қадірлемейміз. Қатып қалса, қоқыс жәшігіне әкеп тастаймыз. Ысырапқа жол беріп, аяқасты 
етеміз. Олай жасауға болмайды. 
1. Әңгіменің дұрыс реті 
1.Кішкентай қыз 
2.Нан үзімдері 
3. Нұржан 
4. Ғаббас қария 
5. Естелік
А) 1,2,4,3,5 
В) 3,4,5,1,2 
С) 1,2,3,4,5 
D) 4,5,1,2,3 
Е) 2,3,4,5, 
2. Қарияны ренжіткен жағдай 
А) Нанды мөлшерлеп бергені 
В) Жастардың ысырапқа жол беруі 
С) Қыздың қарт адамға көңіл бөлмеуі 
D) Заманның, уақыттың өзгергендігі 
Е) Сұрапыл соғыстың есіне түсуі
2-мәтін 
Албанның Алжан руынан шыққан көкжал Хангелді батырдай атасынан тәлім алған 
Райымбектің жаужүректілігі жастайынан байқалған. Жиендерінің жанарынан от байқаған 
Жалайыр Орақ батыр ұрпақтарына бәсіреге жүйріктің тұқымын, қолға ұстарға шымболаттан 
құйылған қылыш сыйлауы содан болса керек. Әке, баба, нағашы жұрт ортасында бұлаң салған 
баланың бәйгеде өз атын өзі ұрандағаны жұртқа аян. Осы ер рух кейін жоңғарға қарсы 
алдаспан болып сермелді. Он жеті жасынан Көкойнағын ойнатып, қалмаққа қырғын салған 
Райымбек Түкеұлы ерліктерінің ерекше аталатыны – қазырде Алматы – Нарынқол 
тасжолының 167 шақырымында тұрған Ойрантөбеде қалың қалмақты жекпе-жекке шақырып, 
бөрі тиген қойдай дүрліктіруі. 
Бадам өзені туралы естігендер көп. Бірақ, соның Райымбек батырдан жеңілген қалмақ 
нояны Бадам-бахадүрдің есімімен байланысты екенін көп адам біле бермейді. Кеген деген жер 
атауын де қалмақ тайшысы Гегенге теңейді. Кей деректерде Геген діни лауазым дейді.
Райымбек батыр 1729 жылы Аңырақайдағы шайқаста Наурызбай, Өтеген, Қабанбай, 
Бөгенбай сынды қазақ ерлерімен үзеңгі түйістіре отырып, Сары Мыңжаның әскерін 
талқандаған. 
3. Баланың бәйгеде өз атын өзі ұрандағаны нені білдіреді? 
А) Баланың өзімшілдігін 
В) Баланың бәйгеге деген сүйіспеншілігін 
С) Баланың өрлігі мен рухының биіктігін 
D) Баланың бәйгеде озғандығын 
Е) Баланың атаққұмарлығын
4. Мәтіннің екінші азат жолы бойынша түйін 
А) Қазақтың көптеген жер атауларына елін қорғаған батырлар есімі берілген 
В) Алматы-Нарынқол тасжолының бойында тарихи деректер көп 
С) Алматы жақта Райымбек есімімен аталатын елді мекен бар 
D) Райымбек батырдың жастайынан байқалған жаужүректілігі 
Е) Қазақтың кейбір жер атаулары жоңғар-қалмақ шапқыншылығымен байланысты 
5. Орақ батыр Райымбекке кім болады? 
А) Нағашы 
В) Бала 
С) Жиен 
D) Әке 
Е)Аға
6. Райымбектің ерекше ерлігін танытқан шайқас 
А) Гегенмен шайқас 
В) Ойрантөбедегі шайқас 
С) Сары Мыңжанмен шайқас 
D) Бадам-бахадүрмен шайқас 
Е) Аңырақай шайқасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   245




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет