1. Мәтін мазмұнына қандай нақыл сөз сәйкес келеді? A)
Жігітке жетпіс өнер де аз
B)
Еңбек ер атандырады
C)
Өнер - таусылмас азық
D)
Кең пейілдіге ас көп
E)
Жолың алыс болса, атыңды қинама
2. Мәтін бойынша музыканың әсерлілігі қай кезде арта түседІ? A)
Сурет өнері мен музыка үйлескенде
B)
Тіл мен музыка үйлескенде
C)
Сәулет өнері мен музыка үйлескенде
D)
Спорт пен музыка үйлескенде
E)
Қол өнері мен музыка үйлескенде
2-мәтін Әйгілі жазушы Г.Бельгер: «Неміс тілі, қазақ тілі, орыс тілі - шабытымның үш қайнар бұлағы»,
- деген екен. Бүгінгі күні бірнеше тілді қатар игерген адамдар саны күн санап артуда деп әбден
айтуға болады. Ондаған тілдерді қатар үйренуге қабілетті адамдарды «Полиглот» деп атайды.
Орыс жазушысы А.П.Чеховтың «Бірер тіл білмеген адам өзін құжатсыз жандай сезінеді» деген
қанатты сөзі бар. Көп тіл игергісі келетіндерге бірнеше кеңес:
1)
Үзбей жаттығу. Атақты неміс археологы Генрих Шлиман үнемі жаттығуының арқасында
күніне прозалық мәтіннің жиырма бетін жаттап алуға қолы жеткен. Ол орыс тілін 6 апта ішінде
үйренген.
2)
Алдымен негізгі тілдерді, ал содан кейін сол тілдерге жақын тілдерді үйрену қажет екен.
Әрине, адам көбірек тіл білсе, жаңа тілді игеру де жеңіл болады.
3)
Ең бастысы - қорықпау керек. Тілді үйрене жүріп, өз ойыңызды сол тілде түсіндіруге тырысу
керек. Үйреніп жүрген тілде сұрақ қоя отырып, тіл білетін және өзіңізге көмек көрсете алатын
адаммен барынша көбірек сөйлесіңіз.
4)
Музыканы көбірек тыңдап, есту қабілетіңізді дамыта беріңіз. Өйткені ол - шетел тілін
үйренуде жақсы көмекші.
Олай болса, достар, полиглот болғыларың келсе, тек алға ұмтылыңдар! Антик
философтарының «тілді бесіктегі деміңнен соңғы деміңе дейін үйренсең де аз» дегенін
ұмытпайық!
3.
Қандай мақал-мәтел берілген мәтіннің мазмұнын ашып тұр?
A)
Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
B)
Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.
C)
Тіл қаруы - сөз, сөз қаруы - ой.
D)
Басқа пәле - тілден.
E)
Тілі тәтті жая жейді, тілі қатты таяқ жейді.