-
Мен Ақтөбенің Ойыл ауданындағы Сарыбие ауылында тудым. Алдымен, менің зеректігімді,
үйренуге талпынысымды көрген атам 2-3 жасымда әріптерді үйретпек болса, мен бәрін де
бірден қағып алыппын. Содан төрт жасымда кез келген кітапты зуылдатып оқи бастаған
екенмін. Оны өзім білмеймін, кейін айтқан әңгімелерден естідім. Менің әкем - атамның үлкені.
Атамның өзі майдангер еді, үлкен немересі болған соң мені бауырына басып, еркелетіп өсірді.
Бетімнен қақпай, талап еткен нәрсемнің бәрін де орындай беріпті.
Достарыңызбен бөлісу: |