Мәңгілік Ел ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы, бабаларымыздың



Pdf көрінісі
бет198/245
Дата08.02.2022
өлшемі3,96 Mb.
#122335
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   245
Байланысты:
оқу сауаттылығы

3-мәтін 
Біздің ауыл Іле өзенінің арнасына жақын орналасқан. Мұнда қыс қытымыр болғанымен
жазы жайсаң. Әр үйдің ауласында бау-бақшасы бар. Онда алуан жеміс ағаштары: алма, өрік, 
жиде өсіріледі. Әсіресе бағбан Алмабай атайдың бағы өте көрікті, ағашы қалың, көлеңкесі қою 
болғандыктан, күннің көзі өтпейді. Шие ағаштары мен қарақаттарының арасынан жол тауып 


өтудің өзі бір тауқымет. 
Жердің беті жасыл желекке бөленгенде, мұндағы бауларды бұлбұл мекендейді де, түнге 
қарай тыным таппай құбылта сайрайды. Ауыл бұлбұл әніне ұйып қалады. Тындаған сайын 
тыңдағың келеді. 
Өз ауласындағы бақтың арасынан бұлбұл әнін естіген Есен бұталарды аралап, оны ұстап 
алмақ болып іздей бастады. Сыбдырдан шошынған бұлбұл сайрауын тыя қойды. Ештеңе таба 
алмаған Есеннің ұзағаны сол еді, бұлбұл қайта сайрап қоя берді. Есен тағы да бұталарды аралап 
әуреге түсті. Бұлбұл да тым-тырыс. 
Есен бірнеше күн тосты. Ешбір дыбыс естілмеді. Мұнысы несі? Басқа бақтардын бәрінде 
бұлбұл сайрап тұр. Тағаты таусылған Есен жолдасы Сәлімге барды. Сәлім - Алмабай атайдың 
немересі. Бақшаның ішіндегі бүлдіргенді суарып жүр екен. Есен бакқа кіре бергенде, жап-
жақын жерден бұлбұлдың сызылған әні естілді. 
Есен айқайлап жіберді: 
-
 
Әне, бұлбұл! 
-
 
Айқайлама, - деді Сәлім бәсең дауыспен. 
Есеннен сабыр кеткен. 
-
 
Жүр, ұстап алайықшы!... 
-
 
Жоқ, болмайды... 
-
 
Неге? 
-
 
Ұстағанды бұлбұл ұнатпайды, тұтқындықты азап көреді. Ән салмай қояды. Бұлбұл еркін 
жүруге тиіс. Өзіне нұқсан келтірмейтін, ешкім қорқытып, үркітпейтін кең, тыныш жерде ғана 
қамсыз өмір сүреді. Еркін сайрайды. 
Есен ойланып қалды: «Бақшамнан мен үркіткен бұлбұл осында қоныстанды ма екен ?...» 
Бұлбұл тынымсыз сайрайды. Өзін мәпелеп, қорғаған балаға алғысын жаудырып тұрған секілді. 
7.
Неліктен Сәлім Есеннің айқайламауын өтінді? 
A)
Жұмысына бөгет жасады 
B)
Бұлбұлдарды шошытқысы келмеді 
C)
Есенмен дос болғысы келмеді 
D)
Атасын оятқысы келмеді 
E)
Бұлбұлдар әнін естігісі келді 
8.
Есенге қандай қасиет жетіспейді? 
A)
Алғырлық 
B)
Сабырлылық 
C)
Пысықтық 
D)
Сыпайылық 
E)
Өткірлік 
9.
Мәтін мазмұнына сәйкес әнші құс нені ұнатады? 
A)
Таулы аймақты 
B)
Шулы аймакты 
C)
Бостандықты 
D)
Қараңғылыкты 
E)
Жазық даланы 
10.
Есен неге ойланып қалды? 
A)
Қателігін түсінгендіктен 
B)
Бұлбұлға ұя салуды жоспарлағандықтан 
C)
Сәлімге ренжігендіктен 
D)
Бұлбұлға ренжігендіктен 
E)
Асыраған бұлбүлдарын қимағандыктан
11. Мәтіндегі негізгі ой берілген нұсқалар 
1 .Құстар әнін тыңдау. 
2.
Құстарға қамқор болу. 
3.
Құстар тыныштығын сақтау. 
A)
Екіншісі мен үшіншісі 
B)
Біріншісі мен екіншісі 
C)
Біріншісі мен үшіншісі 
D)
Барлығы бұрыс 
E)
Барлығы дұрыс 
12.
Есеннің ауласындағы бұлбұлдар неге сайрамады? 
A)
Тыныштығы бұзылғандықтан 
B)
Басқа құс болмағандықтан 
C)
Маңайындағы құстар сайрамағандықтан 
D)
Есенді ұнатпағандықтан 
E)
Ағаштары аз болғандықтан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   245




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет