у
таңбасы
ұу
және
үу
дыбыс тіркестерін, не үнді
дауыссыз дыбысын беретіні белгілі. Мысалы:
су –сұу, суық – сұуық, бу – бұу,
сурет – сүурөт, тулақ – тұулақ, қуаныш – құуаныш, қуат – құуат.
Бірінші
буындағы ұ, ү дауыстыларының әсерінен екінші-үшінші буында жазылатын
езулік дыбыстар еріндікке айналады. Мысалы: қуғын – құуғұн, қуқыл –
құуқұл, құжыңдау – құужұңдау, қулық – құулұқ, шулы – шұулұ,тумыс –
тұумұс, туылу – тұуұлұу, туырлық – тұуұрлұқ, туыс – тұуұс, тумыш –
тұумұш.
Сондай-ақ
у
дауыссыз дыбысынан басталған буын құрамындағы
езуліктер де еріндік болып айтылады. Мысалы
: тауық – тауұқ, сауық –
сауұқ, бауыр – бауұр, сауыр – сауұр, туыс – тұуұс,туылу – тұулұу, сауу –
сауұу, сауылу – сауұлұу, туу – тұуұу, суу – сұуұу, серᵞуөн, серуендеу -
серᵞуөндеу, керуен – керᵞуөн, керуенбасы - керᵞуөмбасы.
Соңғы мысалдардағы буын санын ықшамдау үшін және ашық буыннан
қашу мақсатында екі бітеу буын аралығында
ү, ұ
дыбыстары жартылай
немесе толық түсіріліп (редукцияланып) айтылады. Осы қатарға
шаруа –
шарᵞуа, меруерт – мерᵞуерт
сөздері де жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |