Графика. Орфография. Орфоэпия


-тапсырма. Мына сөздерді айтылу нормасына сай, жаттығып



Pdf көрінісі
бет147/195
Дата08.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#124466
түріМонография
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   195
Байланысты:
Н.-Уәлиев-МОНОГРАФИЯ

10-тапсырма. Мына сөздерді айтылу нормасына сай, жаттығып 
көріңіздер: 
 
саба қарын – сабағарын 
сабыр – сабыр
сабау – сабау 
сабылу – саб лұу 
солбаң-солбаң – солбаң-солбаң етүу 
қабақ – қабақ
салымы бар – салымы бар 
табалаушы – табалаушы 
тай-байал – тай-байтал 
көп жасау – көб жасау (34 бет) 
2. Құрама сөз не тіркестің бірінші сыңары п дыбысына аяқталып, келесі 
сөз дауыстыға және д, ж дыбыстарынан басталса да, п жуысыңқы б болып 
айтылады: 
сатып аламын – сатыб аламын, бір қап ұн – бірғаб ұн, доп-
домалақ – доб-домалақ, көп жылдық – көбжылдық, көп деңгейлі – 
көбдеңгейлі, көп жақ – көбжақ, барып алды – барыб алды, пісіріп жіберу – 
піс ріб жіберүу. (35 бет) 
3. Дауыстылармен және үнді, кейбір ұяң дыбыспен сөз жігінде қатар 
келген 
қ, к – ғ, г
–ге айналып, ұяңдайды. Мысалы:
күнкөріс – күңгөрүс, ақ 
үрпек – ағүрпөк, ақ дала – ағдала, бері кел – бері гел, көкорай – көкорай, 
қазақ елі – қазағ елі.
Бірақ ұяңдану бір ритмикалық топпен айтылатын сөзге 
ғана тарайды. Әйтпесе, мысалы, 
«қарағым, айналайын, келдің қайдан?» 
деп 
басталатын халық өлеңін 
«қарағым, айналайын, гелдің ғайдан?»
деп айтуға 
болмайды. Өйткені 
айналайын
мен 
келдің қайдан
бір ритмикалық топқа 
кірмейді. 
Қазақ жазуында кейбір 
шегара, немгетті, немғұрайлы, көгет, 
қыргүйек, қолғап 
сияқты сөздер ғана айтылуына жақындап, ұяңдап 
жазылады. Қалған жағдайда сөздер түбір құрамын сақтап отырады. 
Алайда 
қ, к
дыбыстарының өзгермей айтылатын кездері де бар. Олар


-
қор, -кер, -кеш, -қой
жұрнақтарымен келгенде, мысалы: 
шайқор – шәйқор, 
дүниеқор – дүнᵞйөқор, арбакеш – арбакеш, қалжыңқой – қалжыңқой, малқор 
– малқор, арызқой – арызқой, сәнқой – сәңқой. 
Бұлар, біріншіден, шығыс тілінен енген жұрнақтар: олар өздерінің 
алғаш игерілген нұсқасында айтылуын «қалайды». Екіншіден, 
шәйғор, 
сәңғой, арбагеш деп айтылса, жұрнақтардың реңктік мәні солғындап, 
мағынада өзгеріс 
болады. Сондай-ақ 
қ, к 
дыбыстарына бітетін еліктеуіш 
сөздер көрші дауыстылардың әсерінен айнымайды. Мысалы: 
қарқ етті – 
қарқ етті, жарқ етті – жарқ етті, жарқ-жұрқ – жарқ-жұрқ және 
қалмақы ер – қалмақʼер, қазақы ат – қазақʼат 
деген сияқты сөздерде 
дауысты дыбыстың әсерінен түбір соңындағы қатаң 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   195




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет