21-тапсырма. Төмендегі сөздерді айтылу нормасына сай дыбыстап,
жаттығыңыздар:
патша – патша
тоятшыл – тойатшыл
қант-шай – қант-шәй
сатшы – сатшы
кетші – кетші
пәтшағар – пәтшәғар
саясатшы – сайасатшы
саяхатшы – сайахатшы (40 бет)
Өлең жолдарында етістіктің
-ды, -ді
қосымшасы ұйқас үшін
ықшамдалып қолданылады. Ондайда сөз соңындағы ұяң дыбыс қатаңданып,
т
түрінде дыбысталады. Мысалы:
барып келеді – барып келет, шының ба
еді – шыныңбʼет, сүйгенім бе еді – сүйгөнүмбʼет.
Сонымен, қазақ тілінің ауызша сөйлеу жүйесінде негізгі-негізгі деген
осындай айтылу заңдылықтары бар. Бұл сөйлеу саздары, әсіресе, тыңдарман
кеңістігі кең теле, -радио, театр шығармашылығы тілінде қатаң сақталып
отыруы қажет. Олай етпесе, берілген ақпарат, айтылар ой тыңдаушы
санасына дәл жетпейді. Дұрыс сөйлемеу берілген мәтін мазмұнын игеруді
баяулатады. Ақпарат мазмұнын қабылдау үшін алдымен сөздің дыбыстық
«жамылышын»тыңдаушы санасындағы дыбыс қоры «тануы» керек, өз дыбыс
қорымен үйлестіруі қажет. Сонда ғана коммуникация тез, жылдам әрі сапалы
жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: