Сөйлеу техникасы.
Ауызша сөздің шебері үнемі өзінің сөйлеу
аппаратын жаттықтырып, оның қызметінің мүмкіндіктерін, икемделгіштік
қабілетін дамытып отыру керек. Сөйлеу аппараты екі бөлімнен тұрады:
орталық және шеткері (периферический). Орталық бөлімге ми мен жұлын
жатады. Сөйлеуді басқарып реттеуші қызметті бастың сол жақ жарты
шарындағы ми бөлігі атқарады. Сөйлеу аппаратының шеткері бөлімінің үш
бөлігі бар: 1) дыбыс жасаушы немесе артикуляциялық жүйе – ауыз, көмей,
мұрын қуысы, тіл, тілшік, таңдай, тіс, жақ; 2) тыныстау жүйесі – өкпе,
кеңірдек және т.б; 3) дауыс жасаушы аппарат – көмей мен дауыс
шымылдығы. Осы үш бөліктің қызметіне қарай сөйлеу техникасы үш
компоненттен құралады: 1) дыбыстау (дикция); 2) тыныстау; 3) дауыстау.
Достарыңызбен бөлісу: |