Сонымен, фонациялық тыныстауда денені тік қалыпта ұстап, иықты
сәл артқа керіп, ішті тартыңқырап, мойын бұлшық еттерін бос ұстауды,
сондай-ақ ауаны өкпеге мұрын арқылы алып, сыртқа ауызбен шығаруды
есте сақтау керек.
Дауыстау
(голосоведение). Әдетте шет тілін үйренушілерге сөйлеу
техникасын меңгеруде дыбыстау мен тыныстауға қатысты жаттығулардан
кейін дауыстауды үйретеді. Себебі тіл дыбыстарының жасалым
(артикуляция) базасы мен тыныстау процесін үйлестіре алғанда ғана дауысты
басқара білудің дағдысын қалыптастырға болады. Дұрыс дауыстау дегеніміз
сөйлеу барысындағы дауыс ағымын мейлінше табиғи естілетіндей етіп, оның
физикалық сипатын (дауыс көлемі, күші, қаттылығын) әр түрлі сөйлеу
мақсатына қарай түрлендіре алу.
Ауызша сөйлеудің кәсіби шеберлігінің бірінші талабы дауысқа
қатысты болып табылады. Журналист немесе диктор дауысының диапазоны
кең, әуенді, әуезі қою, қаттылығы жоғары, құбылуға икемді болып, әрі қанша
салмақ түссе де, үзілмей жеңіл күйін сақтау керек. Бұл үшін дауыстау
дағдысын қалыптастырып, дамыту жаттығуларын жасап отыру керек.
Дауыстаудың құлаққа жағымды әрі әсерлі болуы оның диапазоны, регистрі
мен икемдігіне (гибкость) байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: