Графика. Орфография. Орфоэпия



Pdf көрінісі
бет168/195
Дата08.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#124466
түріМонография
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   195
Байланысты:
Н.-Уәлиев-МОНОГРАФИЯ

синтагма
кідіріс 
арқылы бөлінген, синтагмалық екпін арқылы (таңбасы – [:::]) ұйымдасқан 
сөз ағымының бөлігі. Бұл жерде айта кететін жайт кідіріспен бөлінген сөз 
бөлігінің барлығын синтагма деуге болмайды. Себебі сөйлеуші кейде 
ұмытып қалған сөзін еске түсіру үшін де, кейде толғанысын білдіру үшін де 
кідіріс жасауы мүмкін. Сондықтан да синтагманы ажыратудың мағыналық 
жағы бар екенін еске саламыз. Мәселен, синтагма болу үшін сөз ағымы 
бөлігінде қандай да бір мағыналық көрініс болу керек. Синтагма біріккен 
сөздер сөйлемде бейнеленген тиянақты ойдың ақиқат өмірдегі көрінісінің бір 
қырын, бейнесін таңбалау керек, Мысалы, бірінші сөйлемдегі екі ырғақты 
топтан тұратын 
Қырғызстан презинденті Асқар Ақаев
және бір бунақты 
топтан тұратын алпыста синтагмалары тиянақты ойдың – объективті 
өмірдегі қандай да бір оқиғаның ақиқаттағы бір-бір көріністерін бейнелеп 
тұр. Бұлардың мазмұнында аяқталған ой болмағанымен, құбылыстың
тұлғаның, заттың бейнесі, сипаты, әрекеті көрініс табады. 
Сонымен синтагма сөз ағымының мағыналық сипаты бар, сапалық 
жағынан жаңа деңгейдегі бірлігі екен. Синтагмалар бунақты топтар мен 
ырғақты топтардан құралып, құрамындағы буындары синтагмалық екпін 
түскен буын айналасында ұйымдасады екен. Сондай-ақ синтагмада қандай да 
бір интонация көрініс табады. Егер бунақты топтар мен ырғақты топтарда 


интонация бірлігі айқын байқалмайтын болса, сөз ағымындағы синтагмалар 
белгілі бір интонациямен айтылады, яғни олар не тиянақты, не тиянақсыз, 
оның ішінде сұраулы, хабарлы, санамалау, лепті, қыстырма сөз, қаратпа сөз 
интонацияларының бірімен айтылады. Мысалдағы мәтіннің бірінші сөйлемі
– 2, екінші сөйлемі – 3 синтагмадан құралған. 
Енді сөз ағымының үлкен бөлігі 
сөйлемге
көшейік. Сөйлем жоғарыда 
айтылған барлық сөз бөліктерінен құрала алады. Сөйлемнің басты белгісі 
сөйлем екпіні (таңбасы – [::::]). Ғылыми әдебиеттерде оны фразалық екпін 
деп те атайды. Қазақ тілінде сөйлемнің соңғы буынына түскен фразалық 
екпін мен сөйлем соңындағы дауыстың тынуы – кідіріс бір сөйлемнің ара 
жігін екіншісінен айырып тұрады. Фразалық екпін сөйлемнің соңғы 
буындарына түседі. Бірақ оның сандық көрсеткіштері басқа екпіндерден 
күштірек болады. Осылай ерекшелену арқылы фразалық екпін түскен буын 
тыңдаушыға қандай да бір тиянақты ойдың аяқталғанынан белгі беріп 
тұрады. Сөйлемдердің ара жігін /// – «үш таяқша» таңбасымен көрсетуіміздің 
себебі, олардың арасындағы кідірістің синтагмааралық паузадан көлемдірек 
болатынымен байланысты. Сөйлем тұтас ойды білдіргендіктен, оның өзіндік 
интонациясы болады. Ол қарым-қатынастың мақсатын білдіреді, яғни 
сөйлемнің хабарлы, сұраулы, бұйрықты әлде лепті мәнмен айтылғандығы 
сөйлем бойынан тұтастай көрінетін интонациядан байқалады. Сондай-ақ 
сөйлемнің өң бойынан ғана көрінетін мұндай интонацияда сөйлеушінің 
көңіл-күйі, айтылған ойы және сыйластық, салқын сыпайылық, енжарлық, 
мысқыл, ризашылық, құрмет, күдік, күмән, сенімсіздік, үгіт т.б. сияқты 
тыңдаушыға қатысы байқала алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   195




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет