ы р ғ а қ т ы т о п т а р ы н құрайтын сөз
бөліктерінің басы «доға» таңбасымен біріктірілді де, олар өзара / «таяқша»
таңбасымен ажыратылды. Ырғақты топтың екпіні бунақты топ екпініне
қарағанда сәл де болса жоғары шамалармен ерекшеленеді. Сондықтан біз
ырғақты екпінді [::] таңбасымен көрсеттік, сонымен бірге ырғақты топтар
кейде бір, кейде бірнеше бунақты топтардан құралуы мүмкін, демек
олардағы буын саны үштен артық болады. Мәтіндегі бірінші сөйлемді – 3,
екінші сөйлемде – 8 ырғақты топ бар.
Бунақты топтар мен ырғақты топтардың ара жігі бір-бірінен екпін
түскен буын арқылы немесе әуеннің сынуы, яғни көтеріліп, күрт төменнен
басталуы, сондай-ақ төмендеп күрт көтерілуі арқылы ажыратылады, бірақ
олардың ара жігінде дауыс үзілмейді, яғни кідіріс болмайды.
Ал сөз ағымының синтагма, сөйлем сияқты бөліктерінің ара жігін бір-
бірінен дауыстың үзілуі-кідіріс арқылы айқындалады. Мысалда синтагмалар
ара жігі // «қос таяқша» таңбасымен көрсетілді. Демек