Графика. Орфография. Орфоэпия


Сөз ағымы бірліктері және екпін



Pdf көрінісі
бет164/195
Дата08.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#124466
түріМонография
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   195
Байланысты:
Н.-Уәлиев-МОНОГРАФИЯ

Сөз ағымы бірліктері және екпін.
Сөз ағымының мүшеленуі 
мағынаға да, тыныстаудың заңдылықтарына да бағынышты болатыны 
белгілі, келесі кезекте «оның қандай бірліктері болады?» деген сұрақ 
туындайды. Сөз ағымындағы бірліктер тілдің бірліктерімен (жеке дыбыс, 
жеке сөз, сөз тіркесі, сөйлем) үнемі сәйкес келе бермейді екен. Демек, жеке-
жеке дыбыстарды айтпаймыз, олардың басқа дыбыстармен тұтастығын 
айтамыз, жеке-жеке сөздерді айту шарт емес, кейде оларды басқа сөздермен 
біріктіріп, бір деммен айтады екенбіз, жеке-жеке сөз тіркестерінің барлығын 
айырып жату да сөйлеуде міндетті емес екен, кейде оларды да біріктіріп 
араларына кідіріс салмай айта алады екенбіз. Ал сөйлемге келетін болсақ
сөйлемді міндетті түрде бірнеше сөздердің жиынтығы деп түсіну үнемі 
орындалатын заңдылық емес екен. Кейде ауызша сөзде бір ғана сөз немесе 
бір ғана дыбыс сөйлемнің айтылу заңдылығымен аяқталған ойды білдіретін 
дауыс сарынымен беріледі екен. Мысалы, «
 – Естимісің? 
– А? 
– Естимісің деймін»
деген ауызша сөздегі диалогте екінші сұраулы 
сөйлем бір ғана дыбыспен, 
А
одағайымен берілген. Бірақ ол жеке дыбыс 
сияқты емес, тұтас сұраулы сөйлем интонациясымен айтылады. 
Сен маған не 
дедің? 
деген толық сөйлем сияқты дауыс сарынымен беріледі. Жоғарыда 
айтылғандардың негізінде ауызша сөз ағымының өз бірліктері, тілдің өз 
бірліктері болатыны байқалады. Дегенмен олардың арасында ешқандай 
байланыс жоқ деуге болмайды. Сөз ағымының бірліктері тілдің бірліктердің
материалынан жасалып құрылады. Сонымен айтылған сөз ішінде белгілі бір 
заңдылықтар бойынша ерекшеленіп, өздерінен жоғары деңгейдегі топтардың 
құрамына еніп, өздерінен төменгі деңгейдегі бірліктерден топталып құралып, 
ауызша сөздің заңдылықтары бойынша ұйымдасып тұратын сөз ағымы 
бірліктері мынадай екен: 
1) бунақты топ немесе фонетикалық сөз 
2) ырғақты топ 
3) синтагма 
4) сөйлем 
Бұларды осылай ажыратуға негіз болатын сөйлеу құбылысы – екпін 
және ішінара пауза. Басқаша айтсақ, сөз ағымында 
бунақты топ, ырғақты
топ пен синтагманы, сөйлемді
ажыратып, олардың құрамындағы сөз 
бөліктерін ұйымдастырып тұратын белгі – екпін. Ал сөз ағымында осы 
топтардың бір-бірімен байланыстырып, олардың арасындағы қатынасты 


көрсететін сөйлеу құралдары әуен, қарқын, кідіріс, дауыс қаттылығы 
(интенсивтілік). 
Екпін дегеніміз не? 
Е к п і н
дегеніміз қарапайым тілмен айтқанда, сөз 
бөлігіндегі бір буынның дауыс құралдары арқылы ерекшеленуі. Мысалы, 
Кеш жарық, құрметті әнсүйер тыңдарман!
деген сөйлемдегі 
кеш жарық
және 
құрметті әнсүйер тыңдарман
бөліктері кідіріс арқылы жіктеліп, жеке-
жеке топ болып айтылады да, олардың ішіндегі соңғы буындары басқаларына 
қарағанда


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   195




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет