1-тапсырма.
Берілген мәтін үзіндісін бунақты топтар мен ырғақты
топтарға жікпен, олардың санын анықтаңыздар
.
Тұрғынның дүниетанымы, талғамы мен таңдауы алдымен қаласының
көшесінен, үйлері мен ғимараттарың бет-әлпетінен көрініс таппақ. Бұл өзі бір
өзара сымсыз байланып жатқан тылсым дүние (Қаз.әдеб. №42, 2004).
2-тапсырма.
Жоғарыда
(49-бетте)
көрсетілген
таңбаларды
пайдалана отырып, берілген мәтіннің айтылу үлгісін қағазға түсіріңіз: сөз
ағымы бірліктеріне бөліп, екпін түскен буындарды, паузаларды таңбалап
көрсетіңіз.
Таяуда Президенттік мәдениет орталығында белгілі мүсінші Шоқан
Төлештің «Самғау» атты жеке көрмесі ашылды. Ердің жасы елуге толып
отырған өнер өкілінің көрермен назарына ұсынған елу туындысы оның
шеберлік шыңына нық сеніммен өрлеп келе жатқанының айғағындай
(Қаз.әдеб. № 42, 2004).
|