Графика. Орфография. Орфоэпия


Сөз ағымын мүшелеудегі ауытқулар



Pdf көрінісі
бет169/195
Дата08.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#124466
түріМонография
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   195
Байланысты:
Н.-Уәлиев-МОНОГРАФИЯ

Сөз ағымын мүшелеудегі ауытқулар.
Жоғарыда айтылғандардың 
барлығы сөз ағымын мүшелеудің тілдік заңдылықтары. Осы заңдылықтар 
қолданыстағы сөзде, кейде тілдегі көріністеріне сәйкес келсе, кейде одан 
ауытқып жатады. 
Басқаша айтсақ, сөйлеу барысында сөйлеуші сөйлемдерді үлкен кідіріс 
арқылы бөліп, күшті екпінмен мүшелейді де, оларды синтагмалар мен 
ырғақты топ, бунақты топтардан құрайды, ырғақты топтарды өз кезегінде 
орташа екпінмен ерекшелеп, бунақты топтардан құрайды деуге болады. Бірақ 
күнделікті сөйлеу барысында (ресми, бейресми) қандай жағдайда болмасын, 
сөз иесі осы қалыпты өзгертпей қолданбайды, сөздің мақсатына, көңіл-
күйіне, тыңдаушымен қарым-қатынасының, жеке басының ерекшеліктеріне, 
сөйлеу жағдаятына қарай аталған нұсқа өзгеріп отырады, яғни сөйлем кейде 
бір сөзден жасалады, тіпті ол сөз бір буынды болуы да мүмкін, сонда оның 
айтылуы 
тиянақты 
сөйлем 
интонациясымен, 
фразалық 
екпінмен 
ерекшеленетін болады. Ал кейде тілдегі тиянақсыз тұлға (аяқталмаған 
сөйлем, сөз тіркесі, жеке сөз), бунақты топ немесе ырғақты топ түрінде емес, 
аяқталған ойды білдіретін сөйлем түрінде өрнектеліп, белгілі бір 
коммуникативтік мақсатта жұмсауы мүмкін. Мысалы: эфирдегі диалогтен 
үзінді: 
Студенттік кезіңіз туралы айттыңыз. Ия.
Мұнда жүргізушінің 
екінші сөйлемі бір ғана ия сөзінен тұрады да, ол тек мақұлдауды емес, 
әңгіменің жалғасын сұрауды да білдіретін тиянақсыз интонациямен 


өрнектелген. Бұл жерде тілдегі сөйлемнің қалпынан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   195




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет