Графика. Орфография. Орфоэпия


Д а у ы с қ а т т ы л ы ғ ы



Pdf көрінісі
бет177/195
Дата08.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#124466
түріМонография
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   195
Байланысты:
Н.-Уәлиев-МОНОГРАФИЯ

Д а у ы с қ а т т ы л ы ғ ы
(интенсивтілік). Дауыс қаттылығы туралы 
айтқанда, ой екпініне тоқталмай кету мүмкін емес. Себебі қазақ тіліндегі ой 
екпінінің басты көрсеткіші интенсивтілік болып табылады, яғни сөздегі ой 
екпіні түскен буын күшті дауыспен қатты айтылады. Осы сигнал 
тыңдаушыға сөз арқылы берілген ақпараттың маңыздылығы туралы 
хабарлайды. Интенсивтілік физикалық шама ретінде дауыстың күштілігін 
сипаттайды. Ал біздің «дауыс қаттылығы» деп отырған атауымыз көпшілікке 
түсінікті болуы үшін шартты түрде алынған, себебі шын мәніндегі дауыстың 
қаттылығы тек интенсивтіліктің артуымен емес, сондай-ақ әуеннің де үлкен 
көрсеткіштері арқылы жасалады. Әдетте дауыс қаттылығы әуенге параллель 


шама, олай дейтініміз сөз ағымында әуеннің көтерілген бөлігінде дауыс 
қаттылығы да артып отырады да, керісінше әуен төмендеген жерде дауыс 
қаттылығы да кеміп кетеді. 
Мысалы:
Әлкей Хақанұлы Марғұлан – жиырмасыншы ғасырдағы аса 
ірі ғалымның бірі.
Бұл жерде толық сызық әуен өзгерістерінің, үзік сызықпен 
дауыс қаттылығының өзгерістерінің суреті берілген. Бірақ бұл қатынас үнемі 
өзгеріссіз бола бермейді. Мәселен, салалас құрмалас сөйлем құрамындағы екі 
компоненті бір-бір синтагма болып айтылғандағы олардың әуені мен дауыс 
қаттылығының өзгерісін салыстырып қарайық:
Қазіргі Алматының ол кезде қандай болғанын қайдам, 

сол кездегі Ташкент Азияның арда қаласы, 
 
Шығыстың шырайлы шаһары болатын-ды.
Сонымен, дауыс 
қаттылығы мен әуеннің бір-біріне қатынасын жоғарыдағы екі мысал 
негізінде анықтауға болады, яғни олар сөз ағымында бірде бірлесіп, екінші 
жағдайда өз беттерінше өрнек салады екен. Осы тұста дауыс қаттылығының 
ой екпіні түскен буынды ерекшелеуші басты қызметімен қоса сөйлемнің, 
яғни қандай да бір аяқталған ойды білдіретін сөз бөлігінің соңын көрсетуші 
қызмет атқаратынын айта кету керек. Дауыс қаттылығының бұл қызметі 
оның төмен мәндерімен беріледі, басқаша айтсақ, тиянақты ойды білдіретін 
сөйлем соңында дауыс қаттылығы бәсеңдеп, мүлдем төмендейді. Осы сигнал 
тыңдаушыға сөйлемнің аяқталғанын жеткізеді. Екі синтагмадан тұратын 
сөйлемнің дауыс қаттылығын шартты түрде мынадай суретпен көрсетуге 
болады. 
Қорыта айтқанда, дауыс қаттылығының басты екі қызметін көрсетуге 
болады: біріншісі ой екпінімен, екіншісі сөйлемнің аяқталғандығын 
білдірумен байланысты.
1-тапсырма.
Мына сөйлемдердің әуені мен дауыс қаттылығы 
өзгерістерінің суретін сызып көріңіз, олар параллель ме, соны анықтаңыз.
Үй тігіліп, жүк жиналды. Көптен күткен көктем де келді, жер көгерді, 
мал төлдеді. Жібек ханның қызы болса, Төлеген де ханның баласы.
2-тапсырма.
Дауыс қаттылығы жоғары буындардағы дауыстыны 
тік жақшаға ( [] ) алу арқылы ой екпіні түскен сөзді белгілеңіз. 
Біз – журналистпіз. Журналистпіз біз. Мынау тас па? Бейнетаспаға 
жаздыңыз ба? Ол кітапты алма! Алма – витаминге бай жеміс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   195




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет