Графика. Орфография. Орфоэпия



Pdf көрінісі
бет179/195
Дата08.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#124466
түріМонография
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   195
Байланысты:
Н.-Уәлиев-МОНОГРАФИЯ

тыңдармандарының 
саны көбейіп 
келеді. Енді ешқашан 
оралман;
Көрмес
түйені де көрмес. Ол бізді 
көрместей
боп кетті. Әкелген күйтабағыңды ертең 
тыңдармын.
2-тапсырма.
Өзіңізге ұнайтын өлең жолдарындағы ұзақтылығы 
жоғары буындарды созып оқып жаттығыңыз.
Қ а р қ ы н
– ұзақтылық сияқты интонацияның уақытқа қатысты 
шамасы. Қарқын деп белгілі уақыт аралығында дыбысталған буын санын 
айтуға болады. Басқаша айтсақ, интонацияның қарқын шамасы сөйлеу 
жылдамдығын білдіреді. Сөйлеу жылдамдығының өзгеруі ауызша тілде 
өзіндік қызмет атқарады. Интонацияның барлық шамалары сияқты қарқын да 
басқа шамалармен бірлесе жүк арқалайды. Дегенмен оның үнемі бірлесіп 
көрінетін шамасы әуен, оның ішінде әуен кеңдігі – диапазоны болып 
табылады. Олардың бір-біріне қатысы параллель түрде жүзеге асады. Олай 
дейтініміз қарқынның баяулауы мен дауыс диапазонының кеңеюі, 
қарқынның жылдамдауы мен дауыс диапазонының тарылуы көп жағдайда 
қатар байқалып отырады. Мұндай өзгерістер арқылы сөз ағымының 
мазмұндық жағынан маңызды бөліктері ерекшеленеді. Егер сөйлем бірнеше 
құрамдас бөліктерден тұрып, оның бір бөлігі баяу айтылса, бұл сигнал 
тыңдарманға сол бөліктегі мазмұнға ерекше назар аудару керектігінен хабар 
жеткізеді. Міне, сондықтан да сөз иесі назар аударту мақсатында керекті 
сөздердің айтылу қарқынын баяулатып отырады. Сондай-ақ қарқынның 
өзгерісі сөздегі тілдік ақпаратпен қоса, сөйлеушінің ақпаратқа қатысынан, 
сөйлеу кезіндегі оның эмоциясынан (таңырқану, сасып қалу, қынжылу, кейде 
қуану сияқты күйінен) хабар бере алады.
Баяу қарқынмен басталып, соңына қарай сөйлеу жылдамдығының арта 
түсетіні көптеген тілдер үшін сөйлеудің ортақ заңдылығы ретінде байқалған.
1-тапсырма.
Мына сөйлемдердің қай бөліктері баяу, қайсысы жылдам 
қарқынмен айтылу керек деп ойлайсыз? Себебі неде? 
Шапқыншыға жұрт көзін тіксе, – Байжан. Айбарша көзін ашып қараса, 
– Дәулет. Жүгіріп келем, жүгіріп келем, зытып келем, зытып келем. Ол 


алдымен асықпай оң жағына қарады, сосын баппен сол жағына көз салды, 
аяғын сылтып басып аяңдап алға қарай ұмтылды. Жындыбай Желдібаев 
плащін желбіретіп жүгіріп шықса, кеш батып кетіпті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   195




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет