Графика. Орфография. Орфоэпия



Pdf көрінісі
бет181/195
Дата08.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#124466
түріМонография
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   195
Байланысты:
Н.-Уәлиев-МОНОГРАФИЯ

(.) > (–) > (:) > (,) 
қалыптасқаны белгілі болды. Яғни сызықша тұрған 
жерде кідіріс үлкен болдаы да, үтір тұрған жерде елеусіз болады.
Сонымен бірге пауза бірыңғай мүшелердің, құрмалас (күрделі) сөйлем 
құрамындағы компоненттердің (жай сөйлемдердің) ара жігін ажыратады. 
Мысалы, Үйдің алдында ағаш төсек, тас мүсін тұр деген сөйлемді кідіріс 
жасау арқылы түрліше айтып, түсінуге болады: 
1) Үйдің алдында ағаш // 
төсек // тас // мүсін тұр; 2) Үйдің алдында ағаш төсек // тас мүсін тұр.
Бірінші сөйлемде пауза 4 бірыңғай мүшелердің ара жігін бөлсе, екінші 
сөйлемде екі бірыңғай мүше ажыратылған. Демек кідірісті сөйлемнің 
мазмұнына қарай дұрыс қою – маңызды. 
Паузаның мағыналық маңызды сөз бөліктерінің ара жігін ажырату 
қызметімен қатар сөйлеушінің көңіл-күйін, тыңдарманға деген ниетін білдіру 
фукциясы да бар. Егер сөз ағымының бір тұсында ой аяқталмай жатып 
сөйлеуші кідіріс жасаған болса, оның уәжді және уәжсіз екі себебі болуы 
мүмкін. Уәжсіз себебі сөз иесінің дұрыс тыныстамауымен, демінің жетпей 
қалуымен, сыртқы әсердің салдарынан сөзін тоқтауымен байланысты. Ал 
уәжді себебі көңіл толғанысын жеткізу мақсатымен, тыңдарманын ойлануға 
шақыруды діттеуімен, ерекше сезімін білдіру ниетімен байланысты. Мұндай 
паузаларды сөз иесі сөзінің кез келген бөлігіне қоя алады. Әдетте бұлар 


ерекше назар аударылған сөз бөлігінен кейін, не оның алдында болады. 
Мұндай кідірістерді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   195




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет