Графика. Орфография. Орфоэпия



Pdf көрінісі
бет182/195
Дата08.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#124466
түріМонография
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   195
Байланысты:
Н.-Уәлиев-МОНОГРАФИЯ

эмоциялық паузалар
дейміз. 
Кейде кідірістердің орнына ешқандай тілдік мазмұны жоқ «ммм», 
«хым» сияқты дыбыстар айтылуы мүмкін. Бұлар сөз иесінің алдын ала 
дайындықсыз, жағдайға қарай бірден сөйлеп отырғанының белгілері. Мұндай 
кідірістер тіл ғылымында 
хезитациялық паузалар
деп аталып, сөйлеушінің 
сөз соңын ойланғанша бос уақытты толтыру мақсатында айтқан 
дыбыстарынан тұрады, көбінесе бейресми, тұрмыстық қатынастағы көзбе-көз 
тілдесуде жиі кездеседі де, ал бұқаралық ақпарат құралдары арқылы эфирге 
шығып отырған диктор немесе журналистің ауызша сөзінің сапасын 
төмендетеді. 
1-тапсырма.
Берілген мәтін үзіндісінде синтагмааралық кідіріс 
болатын орынға – // «қос таяқша», сөйлемаралық кідіріс жасалатын орынға 
– /// «үш таяқша» таңбасын қойып шығыңыз. Мәтіннің тыныс белгілері 
әдейі көрсетілмеді. 
Бір мың тоғыз жүз елу сегізінші жылы біз қазіргі Қазақ ұлттық 
университетінің екінші курсында лқып жүрдік қазіргі қазақ тілі курсының 
морфология саласынан доцент Ыбырайым Есенқұлұлы Маманов сабақ берді 
студенттерге білім беретін ұстаздар аз емес бірақ көп ұстаздың ішінде білім 
беру ерекшелігімен із қалдыратын келешегіне жол сілтейтін ақыл-кеңесі 
өміріңе азық болатын ұстаздар санаулы-ақ мен үшін сондай ұстаз Ыбырайым 
ағай болды 
(Сейілбек Исаев).
2-тапсырма.
Қалай ойлайсыз, егер жоғарыдағы мәтінді ерекше 
тебіреніспен айтатын болсаңыз, қай тұста эмоциялық паузалар жасар 
едіңіз? 
3-тапсырма.
Мына сөйлем бөліктері арасында қандай кідіріс 
жасайтын едіңіз? 
Олар ерте жатты, өйткені ертең жұмыс еді. 
Олар ерте жатты, ертең жұмыс еді.
Олар ерте жатты: ертең жұмыс еді.
Олар ерте жатты – ертең жұмыс еді. 
Олар ерте жатты (ертең жұмыс еді).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   195




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет