бояуынан айырылып қалмау керек. Сөз арқылы айтылған оқиғаға жеке
басының қатысын білдірмесе де, диктордың даусы қанық бояулармен берілу
керек. Себебі кез келген ақпарат, оқиғаның
мазмұнында қандай да бір
жағымды / жағымсыз, тартымды / тартымсыз, мәнді / мәнсіз және т.б. реңк
болуы әбден мүмкін. Сөз ағымындағы сөздер түрлі түсті бояумен, яғни өздік
әуезімен сипатталып отыру керек.
Кейбір атақты теледидар, радио
жүргізушілерінің кәсіби биіктен көрінуі мен шеберлігінің сыры да
дауыстарының әуезділігінде жатса керек.
Сонымен, қазақ интонациясының
негізгі компоненттерінің әр
қайсысының қызметі белгілі болды. Сөйлеу барысында олардың түрлі
қатынасы сөз ағымындағы жалпы мағыналарды жеткізіп отырады, осыған
байланысты ғалымдар қазақ тілінде 8 түрлі
интонациялық бірліктің
болатынын анықтады. Олар: 1) ойдың аяқталғанын білдіретін
Достарыңызбен бөлісу: