болады екен. Көркем шығарманың жанрына, идеясы мен автордың
прагматикасына қарай оның интонациясы да белгіленеді.
Интонациясы жағынан айқын
ажыратуға келетін жанрлар, поэзия,
проза, драма болып табылады.
Өлең сөзде өзгермейтін тәртіп, ырғақ түрлері болады да, ақынның
эмоциясы бір қалыпты өрнекпен түскен суреттердің үстінен
байқалып
жатады. Ал драмалық шығарманың интонациясы кейіпкерлердің эмоциясына
қарай құбылып отырғанымен, әр кейіпкер сөзі өзіндік сарынымен
ерекшеленеді. Прозалық шығарманың интонациялық безендірілуінде
қалыпты форма болмайды. Оның әр түрлі
құрылымдық бөліктерінде
интонация түрліше көрінеді, мәселен, прозалық мәтіннің бастапқы бөліктері
баяу қарқынмен, бір қалыпты әуенмен айтылуы мүмкін, бірте-бірте оқиға
желісі дами келе, оның интонациялық суретіне
құбылғыштық тән бола
бастайды да, соңында қайта тұрақталуы мүмкін. Мәтін интонациясының
суретінде
Достарыңызбен бөлісу: