ағымы бірліктеріне тілдің барлық заңдылықтарын
сақтай отырып бөліну
керек. Эмоциялық паузалар өте сирек қолданылады.
Шын мәніндегі алгебраның тууы
Сегіз жүз жиырмасыншы жылы халиф Мамұн өзінің сарайына
бастарын қосып жинаған ғалымдардың ішіндегі ең көрнектісі орта азиялық
математика және астроном Мұхаммед Хорезми болды.
Сол кездегі математика ғылымы саласынан жасалған еңбектердің
ішіндегі ең маңыздысы осы Мұхаммед Хорезмидің «Әлджебр және
әлмукабаланы есептеу туралы қысқаша кітап» атты шығармасы. Оның бұл
еңбегін латын тіліне аударғанда ғалымның «әл-ховарезм» деген сөзі
«алгорифм» немесе «алгоритм» деген сөзге айналып кеткен. Қазіргі
уақыттағы «алгоритм» деген сөздің мағынасы мынау: берілген есепті
шығаратын математикалық амалдардың жиыны. < ... >
Мұхаммед Хорезмидің бұл шығармасы араб тілінен латын тіліне
аударылып, бірнеше ғасырлар бойы Батыс Европада алгебраның негізгі оқу
құралы болып келді.
(О.Жәутіков, Математика тарихы)
2.
Достарыңызбен бөлісу: