екпінімен айтылатын өздерді бірден анықтай алмайды, себебі мәтіндегі ой
желісі оның мазмұнынан, автордың айтылған ойға қатысынан туындап
отырады. Сондай-ақ мұнда тыңдарман үшін маңызды болып саналатын
ақпарат ескерілу керек. Диктор сөз ағымында
жаңа ақпаратты ерекшелеп
отырса, тыңдарман үшін мәтіннің түсініктілігі артады. Басқаша айтсақ
сөйлемдегі жаңа ақпарат пен бұрыннан таныс ақпарат ауызша сөзде
ажыратылып отыру керек. Мәселен, Алматы қаласының Бөлтірік Атыханұлы
атындағы гимназиясының оқу ісінің меңгерушісі Ерік Қуатбекұлына қала
әкімшілігі тарапынан марапаттау қағазы берілді. Ол он жылдан астам уақыт
бойы өз қызметін ойдағыдай атқарып келеді деген сөйлемдердің
алғашқысында Ерік Қуатбекұлы есімі ерекше айтылса, екінші сөйлемде сол
есімнің жұмсалған ол есімдігін ерекшелеудің,
яғни ой екпінімен айтудың
басы артық, себебі бұл ақпарат тыңдарман үшін жаңалық емес, жаңалық –
оның он жылдан астам уақыт бір қызметті атқарып келуінде, болмаса осы
қызметті ойдағыдай атқаруында. Сондықтан екінші сөйлемде ой екпіні не он
жылдан астам тіркесіне, не ойдағыдай сөзіне түсірілуі орынды.
Дикторлар мен журналистердің ой екпініне қатысты білімдерінің
болмауына немесе осы білімдерді дұрыс
пайдаланбауына байланысты
эфирден кейде тыңдарманын елең еткізе қоймайтын, бедерсіз айтылған, бір
сарынды сөз естіліп жатады. Мұны болдырмаудың ең тиімді жолы – қолға
берілген мәтінмен алдын ала танысып, оның мазмұнын,
мәнмәтінін
(контекст), астарын түсіну, содан барып, маңызды сөздерін ерекшелеп айту.
Ал ой екпіні түскен буынның қалай айтылатынымен келесі тараудан таныс
боласыз.
Достарыңызбен бөлісу: