Атап айтқанда, зейнеткерлердің тұрғын үйлерін жөндеу, отынын жару, бау-бақша жұмыстарына жәрдемдесу, медициналық көмек көрсету сияқты нақты іс-шараларды жүзеге асыру. Осындағы соңғы сөйлемді аяқталмай жатып сияқты сөзінің
алдында дауысты бәсеңдетіп тиянақты әуенмен жеке сөйленім екпінін түсіріп
айтса, одан кейінгі бөлігінің мазмұны көмескіленіп қалады:
Атап айтқанда, зейнеткерлердің тұрғын үйлерін жөндеу, отынын жару, бау-бақша жұмыстарына жәрдемдесу, медициналық көмек көрсету:::: / / / сияқты нақты іс-шаруаларды жүзеге асыру. Себебі сөйлем аяқталмай жатып оның
бір бөлігін кесіп тасталынады да, мағынаға нұсқан келеді. Бұған керісінше
құбылыс та байқалады. Сөйлем аяқталып, ой тиянақталған тұста, оны
тиянақсыз әуенмен айтып тыңдарманды ойдың жалғасы бар екеніне алаңдату
да кездеседі. Мұндайда сияқты дикторлар тарапынан жіберілген сөз ағымын
дұрыс мүшелемеуге байланысты уәжсіз ауытқулар олардың кәсіби
біліктілігінің, дайындығының төмендігін көрсетеді.
Қорыта келгенде, сөз ағымы дұрыс мүшелеу ауызша сөзде жалпы ойды
жеткізудің басты құралы екенін, сондай-ақ оның тілдік заңдылықтармен
қатар сөйлеу заңдылықтарына да бағынышты екенін есте ұстаған жөн.