Сабақтың тақырыбы: Мәтін.
Сабақтың мақсаты: Мәтін туралы берілген түсінікті кеңейту, мәтіндегі азат жолдың ролін байқату,мәтінге сөйлем қосып толықтыру, берілген тақырып бойынша мәтін құрастыру т.б. жұмыс түрлері арқылы оқушылардың тілін дамыту, еңбек адамдарының құрметтеуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Тәрбиелігі: халықтық, патриоттық тәрбие.
Сабақтың көрнекілігі: шығарма кестесі, сурет, плакат.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру.
2. Жаңа тақырып.
Көбейту кестесі арқылы тапсырмаларды орындап, көбейтіндінің мәнінде берілген әріптерді теріп жаз.
-
12 15 16 6 40
М Ә Т І Н
2-ші сыныпта өткен мәтін туралы өз ойларын сұрау.
Жоспар құру Мәтінге ат қою Басы
Негізгі ойы М Ә Т І Н Негізгі бөлігі
Әңгімелеу Пайымдау Сипаттау Соңы
Ереже: Мәтін мағына жағынан өзара байланысты екі не одан көп сөйленнен құралады.
Көркем жазу минуты.Ш ш Шш
119-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқу.
-Бұл әңгімеде не туралы айтылған?
-Оған не деп ат қоюға болады?
-Мәтіннің қай түріне жатады?
Бұл сипаттау мәтініне жататынын еске салып өтемін.
«Бұл қай құс?» ойыны.
Қырғи, лашын, қаршыға суреттерінің арасынан сипаты бойынша лашынды табу.
Лашын құс туралы бостандық пен тәуелсіздік аңсаған ақын Махамбет Өтемісұлының «Қызғыш құс» өденің оқу.
Сені көлден айырған,
Лашын құстың тепкені.
Мені елден айырған,
Хан Жәңгірдің екпіні.
-Сонда лашын- тегеуріні қатты құс болған ғой. Олай болса, осы жаттығуды дәптерге жазамыз. Әр оқушы 1 сөйлемнен тақтаға жазады (қандай? сұрағына жауап беретін сөздердің астын ирек сызықпен сызамыз ).
Лашын – сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Дене тұрқы- 40-50см, қанат құлашы 80-12 см, салмағы 500-1000г. Ол көбінесе құз жартаста ұя салады 2 немесе 3,4 жұмыртқа басып, 28-29 күн дегенде балапан шығарады. Бір жарым ай дегенде оларды ұядан ұшырады.
Ең ұшқыр қыран – осы лашын. Шүйілген лашынды адамның көзі шалып та үлгермейді. Ол секундына 100метр жылдамдықпен сорғалайды. Оның осы тездігі мен тегеурінінен тіпті басқа қырандар қорқады екен. Лашын қуған кезде ағаш, бұта мал арассына тығылып, адамға қорғанған қаршығалар болған. Ол – қорғауға алынған құс.
-Қыран бүркіттің бейнесін біз қайдан көреміз? Онда ол неге бейнеленген?
(ҚР Мемлекеттік туында).
Халқымыз бұл сұңқар тұқымдас құстарды баптап аңға салған. Құсбегілер халқымыздың аңшылық, саятшылық өнерін жалғастыруда. Халқымыз ұлдары қыран құстай батыл, алғыр болсын деп есімдерін Лашын, Бүркіт, қойған Ал, қыздары нәзік, сұлу болсын деген ниетпен Қарлығаш, Тоты, Бұлбұл, Сандуғаш деп қоятын болған.
-120-жаттығу тапсырмасын оқу. Мәтіеді түсініп оқу; мәтінге тағы бір сөйлем толықтыру. Ол сөйлем мәтіннің жалғасы болу керек.
Жалғасын табады.
-Атасы немересінің ісіне қатты қуанды.
Сұрақ: Мұндағы негізгі ой не?
Басы, негізгі бөлім, соңын табу.
«Ердос» әңгімесі мәтіннің қай түріне жатады? (әңгімелеу).
Сұрақтың жауаптары дәптерге жазылады.
Шығарма кестесін толтыру.
Шығарманың аты
|
Кейіпкерлер
|
Мазмұның негізгі іс-әрекеттері
|
Мазмұнынына сай мақал-мәтелдер
|
Шешуші пікір
|
Ердос
|
Ердос шопан
|
Жатып қалды, маңырай бастады, тынышы кетті. Шықты, салды, көрді.
|
Үлкенге ізет, кішіге міндет. Ата-бәйтерек, бала-жапырақ.
|
Ердостың ісіне атасы риза болып қатты қуанды. Ердосым үлкен азамат болыпты ғой деді.
|
Жұмбақ жасыру (сергіту сәті)
1.Бір балуан өзі күшті, қайраты мол,
Өзінен үлкен затты көтерер ол.
Мейлі қыр, мейлі жота, мейлі төбе,
Қайқаңдап аса берер бәрінен де ол.
2.Екі басы жұдырықтай,
Ортасы қылдырықтай (құмырсқа).
-Қалай ойлайсыңлар, келесі орындайтын жаттығу не туралы?
-Дұрыс.Құмырсқа туралы. Жақында «Ана тілі» пәнінен кімнің, қандай шығармасымен танысып едік?
И.Крылов «Шегіртке мен құмырсқа» мысалы.(Мәтінге айналдырып жазу)
-Құмырсқа туралы не білеміз?
Әңгімелету. Мәтін құрастыру.
Еңбек етуді құмырсқадан үйрену керек. Өйткені құмырсқа еңбекқор жәндік. Ол өз салмағынан он есе ауыр жүкті оп-оңай сүйретеді. Біреуінің әлі келмесе, қалғандары көмектеседі.
Бұл- пайымдау мәтіні.
2 жол өлең (құмырсқа туралы) құрастыру.
... құмырсқа
... жұмысқа
Не байқадық?
Қорыту: жаңа ой, пікір айтатылатын уақытта мәтін азат жолдан бастап жазылады.
Сабақты қорыту.
Үйге тапсырма 122-жаттығу.
Оқушылардың білімдерін бағалау.
Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей мектебі
Қазақ тілі
Тақырыбы:
Өткізген: Құсманова Б.Қ.
Павлодар қаласы, 2012 ж
Достарыңызбен бөлісу: |