қаттырақ, ұзағырақ
естіледі, екпін түскен буынның әуені де
жоғары
болады. Қазақ тіліндегі екпін тұрақты түрде сөздің, сөз бөлігінің
соңғы немесе соңғының алдыңғы буындарына түседі. Дегенмен екпіннің
алғашқы буынға түсетін тұстары да болады. Бұл мағына ажырату
мақсатымен байланысты. Мысалы,
[а]лма (тыйым), алм[а] (жеміс), б[а]спа
(тыйым), басп[а] (мекеме), к[ө]рме (тыйым), көрм[е] (орын).
Екпін түскен
буын өзінің айналасына басқа буындарды ұйытып, бастарын біріктіріп
тұрады. Осылай айтылғанда бұл буындар сөз ағымының бір тобын
құрайтынынан ақпарат беріліп, тыңдаушыға сөйлемнің мағынасын түсіну
үшін қолайлы жағдай жасалады. Бұлай болмаса, яғни сөз ағымы бірліктерге
дұрыс мүшеленбесе, ешбір буын екпінсіз берілсе, сөйлемнің мазмұны,
мақсаты көмескіленеді. Мысалы, осы сөйлемді ешқандай топтарға жіктемей,
яғни әрбір топты жеке-жеке екпінсіз, тек сөйлем соңына ғана екпін түсіріп
бір деммен
кешшарыққұрмөттәнсүөртыңдарман
деп, болмаса әрбір сөзін
жеке-жеке бөліп, яғни әр қайсысын жеке екпінмен айтсақ:
кеш // жарық //
құрмөтті // әнсүйөр // тыңдарман,
сәлемдесудің әсері төмендейді, себебі
бұлай болғанда осы сөйлемдегі сәлемдесу
(кеш жарық)
мен қаратпаның
(құрметті әнсүйер тыңдарман)
ара жігі байқалмай қалады.
Әр сөз ағымы бірлігінің ерекшелеушісі екпін болатынын білдік. Ал осы
бірліктерді бір-бірінен қалай ажыратамыз, олардың бір-біріне қатысы қандай
деген сұраққа жауап берейік. Сөз ағымының синтагма және сөйлем сияқты
бірліктері бір-бірінен дауыс кідірісі (пауза) арқылы бөлініп тұрады, сонымен
бірге олардың әр қайсысы өзінше (бірі сұрау, екіншісі хабарлау, бірі –
тиянақсыз, екіншісі тиянақты және т.б.) интонациямен айтылады. Ал сөз
ағымының бунақты топ, ырғақты топ сияқты бірліктері осы жоғары
деңгейдегі бірліктерді құраушы элементтер болып табылады. Оларсыз
синтагма мен сөйлем құралмайды. Сондықтан да бунақты топтар мен
ырғақты топтарда мағыналық әуен, яғни интонация байқалмайды, олар сөз
ағымында екпіннің ұйымдастыруымен құрылады. Яғни бунақты топтар мен
ырғақты топтардың құрамындағы бір буын ерекше дауыс сазымен айтылып,
басқа буындарды өзінің айналасына ұйытып тұрады. Мысалы,
Қырғызстан
Президенті Асқар Ақаев – алпыста. Мамандығы физик Асқар Ақаев
Ленинградтың нақты механика және оптика институтын тәмәмдап кейін
осы жерде ғылым кандидаты болды
деген жаңалықтар мәтінінің үзіндісін
диктордың айтылуы бойынша белгілесек былай болады (мәтіндегі шет
тілінен енген сөздер жазылуы бойынша берілді).
Қырғысстан:н ² президенті:: / ³ Асқа:р Ақа:::ев // алпыста:::: ///
Мамандығы: ² фи::зик / ³Асқа:р Ақа:::ев // Ленингратты::ң /
на:қты меха::ника / жә:не о::птика институты:н тәмамда:::п //
²кейі::н / ³осұ: жерде:: / ғылы:м кандидаты: болдұ:::: /// (50 бет)
Мұнда
Достарыңызбен бөлісу: |