Графика. Орфография. Орфоэпия


Д а у ы с р е г и с т р і



Pdf көрінісі
бет162/195
Дата08.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#124466
түріМонография
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   195
Байланысты:
Н.-Уәлиев-МОНОГРАФИЯ

Д а у ы с р е г и с т р і
– бір дыбыстау механизмінде жасалған 
диапазондағы біртекті дыбыстар қатары. Регистрдің белгілі үш түрі бар: 
жоғары, төмен, аралас. 
Жоғары регистрде
дауыс толқындары бастың қуыстарында 
(резонаторда) тербеледі де дауыс диапазонының жоғарғы бөліктерін 
құрайды. 
Төмен регистрде
дауыс толқындары кеуде қуыстарында (резонаторда)
тербеледі де дауыс диапазонының төменгі бөліктерін құрайды. 
Аралас регистр
орта диапазондағы дыбыстардан құралып, аралас 
резонаторлы болып келеді. 
Сөздің әуезділігін дауысты дыбыстар жасайды, оларды айтқанда дауыс 
бірде көтеріліп, бірде бәсеңдеп, дауыссыздармен тіркескендегі айтылымында 
дауыс бірде қоюланып, бірде көмескіленіп, «кілемге түскен түрдей» жалпы 
сөз ағымы әуенінің суреті сызылады. Сондықтан да сөз ағымындағы 
дауыссыз дыбыстарды еркін, ашық айтуға тырысу керек. Бұндайда жоғары 
және төмен регистрдегі дыбыстаудан біртіндеп ауысып, дауыс ағымын үзіп 
алмау құлаққа жағымды естіледі. Бұған жаттығудың қарапайым тәсілдері 
төмендегі тапсырмаларда берілді. 
1-тапсырма.
Мына буындардың бастапқыларындағы дауыстыны 
бәсең дауыспен айтып бастап, соңғыларында дауысты бірте-бірте қатты 
шығарып айтып үйреніңіз. Екінші рет айтқанда керісінше бастапқы 
буындардағы дауыстыларды қатты айтып, бірте-бірте, бірқалыпты 
қарқынмен дауысты бәсеңдетіп айтып үйреніңіз. 
) НҰ, НЫ, НА, НО, НЕ, 
НҮ, НІ, НӘ, НӨ, НЕ
ә) ЛҰ, ЛЫ, ЛА, ЛО, ЛЕ 
ЛҮ, ЛІ, ЛӘ, ЛӨ, ЛЕ 
2-тапсырма.
Мына буындардағы дауысты дыбыстарды төмен 
регистрден бастап, күрт өзгертпей баяулап бірте-бірте жоғарылата 
отырып, жоғары регистрде айтып аяқтау керек. 
АУ, ҰУ, ӘУ, ҮУ, ОУ, ЫУ, ӨУ, ІУ, ЕУ 
АЙ, ҰЙ, ӘЙ, ҮЙ, ОЙ, ЫЙ, ӨЙ, ІЙ, ЕЙ 
АЛ, ҰЛ, ӘЛ, ҮЛ, ОЛ, ЫЛ, ӨЛ, ІЛ, ЕЛ 
3-тапсырма.
Дауысты дыбыстарды алдымен жоғары регистрде 
солғын, орташа, қатты дауыспен, сонан соң төменгі регистрде солғын, 
орташа, қатты дауыспен араларын үзбей, созып айтып шығыңыз. 
А, Ә, О, Е, Ы, І, Ұ, Ү 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   195




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет