Енді осы екі тіркестің сыңарларын семалар бойынша көрсетсек, бұлардың
екі басқа құрылымға жататынын айқын көруге болады:
ақ аю
Д
1
Д
1
ақ аю
ақ бөкен
К
2
Д
1
ақбөкен
Міне, сондықтан
бұл тіркестің бірінің бөлек, ал екіншісінің бірге
жазылуы әбден мүмкін. Бұл арада бірізділік жоқ деуге болмайды. Бірінші
тіркес (Д
1
Д
1
) идиомаланудың жоғарғы сатысына көтерілген. Сөйтіп,
тіркестің идиомалану сатысы жоғарылаған сайын оларды бірге жазу – қазіргі
тіл жүйесіндегі аса күшті үрдістердің бірі.
Сонымен, жоғарыда айтылғандарды түйіндей
келгенде, жазу
тәжірибесінде әртүрлі нұсқада жазылып жүрген сөз топтарын жинақтай
отырып, олардың себеп-салдарын көрсетуге, тіл жүйесінің даму үрдісіне қай
нұсқаның сай келетінін анықтауға тырыстық.
Бірақ бұл жерде қазақ
орфографиясындағы күллі қиындықтар мен қайшылықтарды бастан-аяқ
түгел қамтылып себеп-салдары түгел ашылды деуден аулақпыз. Өйткені бұл
мәселе бір зерттеудің ауқымына сыймайды. Оның үстіне кейбір норманы
қалыптандыру мәселесі әлі де
болса өмір тәжірибесінен, уақыт сынынан
өткізуді қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: