Қазақ графикасы фонемалық принципке негізделген. Бұл принцип
бойынша фонеманың басты реңкі таңбаланады да, қосымша реңктері
ескерілмейді. Өйткені сөз мағынасын ажыратуға негізгі реңк таяныш болады
да, өзге реңктерді берудің жазуда практикалық мәні болмайды. Сондықтан
шай, жай
тәрізді сөздердегі дауысты негізгі реңкі
а
бойынша жазылады.
Жазу тәжірибесінде кез келген дауысты емес, фонемаларды негізгі
реңкі бойынша таңбалаудың тиімділігі бұл тәрізді сөздердің түрлі қосымша
мен түрленуінде айқындала түседі. Егер жай, шай тәрізді сөздерді
палатализациялану
ыңғайымен
жазсақ,
онда
олардың
жазылуы
қосымшалармен түрлегенде мүлдем қиындап, әркелкі күйге түсер еді. Осы
типтес сөздерге әртүрлі қосымша жалғап, түрлендіріп байқасақ, олардың
жіңішке түрде айтылуы өзгеріп, дауысты өзінің фонемалық негізгі реңкіне
көшеді. Сөйтіп, әртүрлі қосымша жалғанғанда, бұл сөздер тіл алды
дауыстылармен айтуға ырық бере бермейді. Мысалы:
шәй-ге, шәйлерің,
жәйлеу, жәйге, жәйсәң, жәйшілік, жәйле –
түрінде қолданылмайды.
Сондықтан да баспасөз беттерінде сөздің жеке басы кейде
шәй, жәй
т.б. деп
жазылғанмен, олардың қосымшалы түрін шәйлерің, шәйге, жәйлерің,
жәйгесу (жайғасу) т.б. деп жазу мүлде кездеспейді дейге болады. Өйткені
қосымшалар бұл жерде фонеманың қосалқы реңкі емес, негізгі реңкі
бойынша жазылғанды:
шайға, жайға, жайшылық
т.б. Бұл тәрізді сөздерді
осылайша қосымшалармен түрлендірсек, басқаша айтқанда айқын позиция
іздесек, фонеманың негізгі реңкі ашыла түседі де, сөздерді фонемалық
сипатына қарай жазуға мүмкіндік туады.
Тіл қолданысымызда ала-құла жазылып жүргендердің бір тобы –
Достарыңызбен бөлісу: