қысымнан, саяси әрекеттің әсерінен, 42 әріп болу керек деген сынның
салдарынан болды. Әліпбиі солай болғасын, ереже де солай болуы керек.
Ереженің жартысына жуығы бөтен тілдегі сөздерді таңбалаудың ережесіне
айналып кетті. Орфографиямызды қарасақ, ол қос тілді орфография болып
шықты. Ережеміздің тең жартысы да сол күйде болды. Біздің ережеміз,
жазуымыз ұлттық жазуымыз өзінің ұлттық сипатынан айырылды
Қазіргі таңда латын әліпбиіне көшу қарсаңында өте жауапты кезеңде
отырмыз.
Өткен
кездегі,
тәжірибедегі
кейбір
кемшіліктерімізді
қайталамауымыз керек. Яғни, болашақ жазуымыз, ережелеріміздің ұлттық
сипаты болуға тиіс. Міне, тұжырым осыны негізге алып отыр. Ұлттық
сипатты қалай береміз деген сұраққа - жаңа айтқанда Ахмет Байтұрсынұлы
айқындап берген 9 дауысты, 19 дауыссыз және мәдени қарым-қатынастың
негізінде пайда болған 4 дыбысты білдіретін әріптер. Міне, осының ара жігін
ашып, көрсету - біздің тұжырымдаманың негізгі мәселені айналып отыр.
Әліпби түзу аса жауапты бастапқы кезең болса, ендігі кезекте негізгі
орфографиялық ереже түзу осы кезеңнің қисынды жалғасы болып
табылатыны белгілі. Бұл кезең әртүрлі ортологиялық құралдары (емле
ережелерінің анықтағыштары, ономастикалық атаулардың анықтағыштары,
т.б.) және ортологиялық лексикография түзудің (орфографиялық және
орфоэпиялық сөздіктер құрастырудың) бастамасы болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: