Графика. Орфография. Орфоэпия


Қазақ орфографиясы негізгі ережелері



Pdf көрінісі
бет82/195
Дата08.02.2022
өлшемі2,09 Mb.
#124466
түріМонография
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   195
Байланысты:
Н.-Уәлиев-МОНОГРАФИЯ

Қазақ орфографиясы негізгі ережелері
– латын графикасы негізіндегі қазақ 
әліпбиі бойынша дұрыс жазуды көрсететін құқықтық күші бар құжат. 
Сонымен қатар латын негізді жаңа әліпби бойынша қазақ тілінің 
орфографиялық нормаларын тұрақтандыратын жаңа әліпби бойынша дұрыс 
жазу мәдениетін қалыптастыратын басты нормативті қағидалар болып 
саналады. Емле ережелерінің негізінде орфографиялық, орфоэпиялық 
сөздіктер, анықтағыштар осы ережелерге сәйкес құрастырылмақ. 
Ұлттық жазу-сызудың емле ережелерін жасауда алдымен ескерілетін 
заңдылықтар 
мен 
ерекшеліктер 
негізге 
алынды. 
Олар: 
— 
тілдің 
жалғамалы 
(аглютинация) 
заңдылығы;
— тілдің ықшамдалу заңдылығы; 
— тіл дыбыстарының үндестігі (дауыстылардың дауыссыздармен
үндестігі) 
және 
дауыссыздардың 
бір-бірімен 
үйлесімділік 
заңы.
Осы айтылған заңдылықтар мен ерекшеліктер аясында жазба тілдің жаңа 
Ережесінің нұсқасы жасалды. Ережеде латын негізді әліпби бойынша қазақ 
тілі дыбыстарының репрезетанттары болып табылатын әріптердің 
үндестікпен, үйлестікпен жазылу нормасы көрсетілді; сөздерді бірыңғай 
жуан немесе жіңішке жазу, соған сәйкес қосымшалардың жуан немесе 
жіңішке жазу үлгісі берілді; қосар дыбыстардың (ұу/үу, ый/ій) дара әріппен 
(у, и әріптерімен) таңбалануының үлгісі ұсынылды; қазақтың төл әдеби 
тіліндегі емлесі қиын сөздердің орфографиялану ерекшеліктері көрсетілді; 
латын негізді әліпбиде жоқ ё, ц, щ, э, ю, я, ь, ъ, әріптерінің жазылу баламасы 
берілді; бейүндес 
буынды кірме 
сөздерге 
қосымша жалғаудың 
орфографиялану тәртібі көрсетілді; халықаралық терминдер мен атаулардың 
(шетел тілдік сөздердің) орфографиялану үлгісі берілді; күрделі сөздердің 


(біріккен, кіріккен, тіркесті сөздер, қос сөздер) және бас әріппен жазылатын 
атаулардың емлесі, сондай-ақ тасымалдаудың тәртіптері көрсетілді. Ал жаңа 
ереже жобасында қазақ орфографиясының негізгі ережелерінің ұлттық тілдің 
ерекшеліктері мен заңдылықтарына сәйкес болуы; тәжірибеде сыннан өтіп, 
дәстүрге айналған базалық нормалардың сақталуы; техникалық жақтан қазақ 
орфографиясының қолдануға оңтайлы, мобильді, жинақы болуы; халық 
тілінің дыбыстық қор әлеуетінің кеңірек қамтыла түсуі; жаһандану үрдісінде 
жазу-сызудың ұлттық сипатының сақталып, космополиттік әсірелікке 
ұшырамауы көзделіп, орфографиялық ережелер түзудің басшылыққа 
алынған негізгі ұстанымдары болды.
 
Әліпбидегі әріптердің атауына да бірқатар өзгерістер енгізілді. Оны 
былайша түсіндіруге болады.
Әріптердің халықаралық атаулары бар да, 
халықтық атаулары бар. Біріншісі ғылыми зерттеулерде қолданылады. Біз 
халықтық атауларға сүйендік. Халықтық атауда, мысалы, 
б-бы, д-ды, с-сы, т-
ты....
т.б. деп аталады. Өйткені тілімізде жуан буынды сөздер басым. Басқа 
әріптердің аталуы да солай. Бұлай болу себебі тіл дыбыстарының қоғамдық 
санадағы бейнесі, ойдан шығарылған нәрсе емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   195




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет