дыбысталуы бойынша оқылатын қысқарған сөздерге қосымша жуан, не
жіңішке болып құрамындағы дауысты дыбысқа үндесе жалғанады:
ТАСС-
тың, СМУ-ға, СЭВ-ке, БАМ-ға, ВАСХНИЛ-ге, МАГАТЭ-ге
(5-қосымша).
Қысқарған сөздердің орыс тілінен өнімді түрде енуі төл қысқарған сөздердің
жасалуына да әсер етті.
«Ауатком», «аупартком»
тәрізді сіңісті атаулармен
бірге
жазу
дәстүрінде
ТТТ
(түрлі-түсті
телевизия)
мультжинақ
(мультфильмдер жинағы) т.б. жаңа үлгілер де қолданылып жүр. Ал аударма
әдісімен
жасалған СО
КП, БЛКЖО, СОТА (КПСС, ВЛКСМ, ТАСС
аббревиатураларының қазақша толық атауларынан қысқартылған) тәрізді
үлгілер тілдің қоғамдық-әлеуметтік міндеттеріне сай бола алмады, өйткені
аббревиатуралар – интернационалдық, ресми сипаттағы сөздер,
сондықтан
да олар барлық тілде мүмкіндігінше бірдей таңбалануға тиісті. Бұл тілдік,
сондай-ақ информациялық қарым-қатынасты жеңілдетеді.
Достарыңызбен бөлісу: