Емле ережелерінде басшылыққа алатын ғылыми принциптер. Ұлттық жазу-сызу мәдениетінің жоғары деңгейде болуы оның әліпби
жүйесімен, негізгі орфографиялық ережелерімен және осы ережелерді
басшылыққа ала отырып жасалатын о р т о л о г и я л ы қ л е к с и к о г р а ф
и я н ы ң
(орфографиялық, орфоэпиялық сөздіктердің) түзілуіне, сонымен
қатар о р т о л о г и я л ы қ қ ұ р а л д а р д ы ң
(орфографиялық анықтағыштар, біріккен сөздердің емлесі, жалқы есімдердің емлесі т.б.) ойдағыдай жасалуымен байланысты. Жазу мәдениетінің жақсара түсуін
алдымен негізгі орфографиялық ереженің ұстанатын басты ғылыми
принциптері айқындайды. Ал орфографиялық негізгі ереже өз бастауын
әліпбиден
алады.
Әліпбидің
ойдағыдай
екені/емесі
сөздің
орфографиялануынан байқалады.
Сондықтан орфографиялық ережеде басшылыққа алынатын негізгі
принципті айқындап алу керек. Өйткені осы кезге дейін бұл мәселенің басы
ашылмай, бірде
морфологиялық , бірде
фонетикалық, бірде
аралас-құралас принцип делініп келді. Соңғы кезеңдерде
фонематикалық принцип деп атала
бастады. Негізгі орфографиялық принципті айқындап, соған сай ереже
түзуде, инструмент ретінде мына схеманы ұсынамыз.
Алдымен халық тілінің