Қазақ орфографиясы ережелерінің концепциясы - (бұдан әрі қарай –
Емле концепциясы) қазақ әліпбиі бойынша дұрыс жазу ережелерінің ғылыми
негіздерін айқындайтын лингвистикалық нормативті құжат. Емле
концепциясында
ұсынылған
қағидаларға
сәйкес
емле
ережелері
құрастырылады. Емле ережерінің негізінде орфографиялық сөздік
құрастырылады. Яғни емле концепциясында тұжырымдалған қағидалар қазақ
жазуының емле ережелерін, орфографиялық сөздік, орфографиялық
анықтағыш, басқа да ортологиялық құралдар жасауда негізге алынады.
Достарыңызбен бөлісу: