нұсқаларының
(
диакритикалық,
диграфтық,
апострофтық,
акут
тәрізділердің)
бірін таңдау әліпби объектісінің өзекті мәселесіне айналды.
Қазіргі жаһандану заманында қоғамдық өмірдің қай саласында
болмасын «уақыт бюджеті» барған сайын шектеулі болып барады. Содан
болар, өмірдің қай қырында болмасын, ұтқырлық (мобильность),
жылдамдық, ықшамдылық, жинақылық, икемділік ерекше мән алып отыр.
Бұндай талаптар, әрине, бұрыннан да бар,
бірақ олар кезінде жай ғана
қатардағы талаптардың бірі болды. Қазіргідей өткір мән ала қоймаған еді.
Қоғам ендігі жерде, өмірдің қай саласында болмасын, цифрландыру мен ІТ
технологиясы заманында шұбалаңқылықтан тез арылып, ықшамдылыққа,
жинақылыққа бет бұрып, жинақы, жылдам, ықшам, икемді болудың
ресурстарын іздей бастады.
Осы тұрғыдан қарағанда, 42 әріптен құралған
әліпбидің бірден көзге ұрып тұратыны – шұбалаңқылығы. Бұрын 30 әріптің
айналасындағы әліпбимен де күнелткен қазақ жазуына ендігі тұста
қысқартып, ықшам, жинақы сипат беру қажеттілігі туып отыр. Осы талапқа
орай қоғами жұртшылық компьютерлік технологияға икемді 32 әріптен
тұратын латын әліпбиінің
ноқатты
(акут) түріне тоқталды.
Қазіргі қазақ қоғамындағы латынға бетбұрыстың ұлттық рухты
жаңғыртумен байланысты себептері бар. Жұртшылыққа белгілі, кирилше
әліпби халықты еріктен тыс күштеумен әміршілдік жолмен сырттан таңылды.
Ұлтты орыстандыру мақсатын көздеген бұл саяси-идеологиялық әрекет
қазақтың жазу-сызуын кирилше әліпбиге көшіруден басталды. Ал ХХ
ғасырдың 30-жылдардағы латын әліпбиі кирилшеге көшірудің «көпірі»
болды. Сөйтіп, халық өзінің жиған-терген
араб әліпбиіндегі жазба
мұраларымен байланысты руханилықтан қол үзіп қалды. Осылайша тарихи
сананың түкпірінен орын тепкен әліпби жөніндегі түйткілді жайт
тәуелсіздікпен, ұлттық рухтың қайта жаңғыруымен байланысты қоғамдық
ойға қозғау салды. Бұл айтылғандар, тұжыра келгенде, латынға бетбұрыстың
негізгі себептерінің бірі болды. Қайсыбіріміздің ойлағанымыздай, кирилдегі
42 әріпті 32 етіп, жамап-жасқап, үйренген дағдымен жүре беруге де болар
еді, бірақ санада қалған түйткілден арылмай рухани түлеу болмайтыны
белгілі.
Бұдан кейінгі бір айтарлықтай себеп – жаһандану үрдісіне байланысты
латын әліпбиі жарты әлемнің жазу-сызуына негіз болған әліпбиге айналды
және ақпараттық жаңа технологияға сай, ең икемді, ақпараттық алыс-беріске
ықшам әрі қолайлы екенін танытты. Осы айтылғандар латын әліпбиіне
көшуге себеп болған
жайттардың тілден тысқары, яғни тілдік емес жағы,
сонымен қатар әліпбиді қалай да реформалауға қоғамды мәжбүр етіп отырған
оның тілдік жағы. Әліпби ауыстыру – жай ғана харіп (шрифт) ауыстыру емес,
қазақ жазу-сызуы өткен кезеңдерде де 29-32 әріптен тұратын әліпбиді де
пайдаланған, бірақ ұлттық сипатынан айырылмаған еді. Жұртшылыққа
мәлім, қазіргі кирилшедегі әліпби әріптерінің үштен бірі орыс тілінен енген
сөздерді бұлжытпастан, орыс орфографиясының ауанымен таңбалауға
мәжбүрледі. Сөйтіп, жазба тіліміз ұлттық сипатынан айырылған жартыкеш
жазу болды.
Осының салдарынан мәдени қарым-қатынаспен
байланысты өзге
тілдерден енген атаулар мен сөздерді мағыналық-дыбыстық жақтан игерудің
ана тіліміздегі
тілдік механизмі
жұмыс істемей қалды. Дегенмен, өткенге
салауат. І.Кеңесбаев, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, М.Балақаев және олармен
қанаттаса шыққан Р.Сыздық сынды аса көрнекті тілтанушы ғалымдарымыз
Ахмет Байтұрсынұлы ғылыми негізін қалап кеткен қазақ жазуының ұлттық
сипатын
сақтауға, әліпби түзу мен емле ережелерінің нормалануы мен
қалыптасуы аясында оң шешімдер тауып, жазба тілдің графика-
орфографиялық жүйесін оңтайландыруға, емле ережелерін жасауға ерекше
күш салды. Өткеннен алатын тағылым да, тәжірибе де жоқ емес.
Достарыңызбен бөлісу: