Эссе жазуда жиі кездесетін қателіктер Жиі кездесетін қателіктер: 1. Проблема ашылмайды;
2. Автордың жеке ұстанымы көрінбейді;
3. Теоретикалық негіздемесі жоқ;
4. Терминдерді орынсыз, сауатсыз қолдану;
5. Тым қарапайым өмірдің мысалдары көп;
6. Ауызекі сөздер, диалект, слэнг, жаргон сөздер;
7. Келтірілген мысалдар автор ұстанымына қайшы;
8. Қорытындылау, түйін шығару деген жоқ;
9. Логиканың болмауы.
Эссе жазуға қалай дайындалу керек? Эссе жазуға кіріспес бұрын ең алдымен мына сұрақтарға жауап беру керек сияқты: «Мен неге және не үшін жазып отырмын?», «Менің жұмысымды кім оқиды?», «Мен қандай идеяларды айтқым келеді?», «Маңызды ақпаратты мен қай жерден іздеп таба аламын?», «Мен оқырмандардан қандай пікірлер мен іс-әрекеттерді күтемін?»
Эссе жазудың нақты мақсаты қандай? Ол:Белгілі мәселе бойынша өз пікірін айту және дәлелдеу; -Сұрақ бойынша өзінің түсінігін, ойын айту;
-Оқырмандарды ақпараттандыру;
-Мәселені талқылау және шындықты табуға тырысу;
-Өзінің және оқырманның көңілін толтыру, рақатқа бөлеу;
-Көңіл-күйіңді білдіру және оқырман көңілін аудару, эмоция туғызу;
-Іс-әрекетке түрткі болу.
Сіз өзіңіздің эссеңіздің қандай нәтиже көрсететінін білгіңіз келе ме? Мұны тексерудің бірнеше жолдары бар: мәтінді дауыстап оқу, өз жазғаныңызға оқырманның көзқарасымен қарауға тырысу,ең соңында адамдардың пікірін білу.
Әр уақытта адам өзінің сөзімен құнды екенін естен шығармау керек. Мақсат нәтижеге жету құралдарын анықтайды. Автор нәтиже шығатындай жағдайға дейінгі көлемде жазуы тиіс. Адам өзінің алдына қойған мақсатын білсе және өзінің жазба еңбектерін осы тұрғыдан қарастырса, мәтін түсінікті және айқын болады.
Болашақ оқырмандардан құралған топтардың жалпы ерекшеліктерін, сондай-ақ олардың құндылығы мен эссенің тақырыбына деген өз көзқарастарын анықтауға тырысу керек.
Бұл тәсіл оқырмандарға ақпаратты қалай қызықты етіп беруге, оны түсінікті, нақты, дәлелді түрде қалай баяндауға және қойылған мақсатқа сәйкес оқырмандарға қалай ықпал жасауға болатынын анықтауға көмектеседі.
Қандай ақпаратты хабарлап, қандай идеяны айтқыңыз келетінін айқындай отырып, өзіңізге эссе тақырыбының маңыздылығына баса назар аударуға көмектесе аласыз.
Сіздің ойларыңыз, сезіміңіз, көзқарасыңыз және ұсыныстарыңыз аналогия, ассоциация, болжау, пікір, пайымдау, дәлел және т.б. түрінде берілуі мүмкін. Кейбір идеялар ерекше дәлелдемелерді қажет етпейді, ал кейбіреулері дәлелсіз және деректерсіз болады. Сондай-ақ, тақырыпты зерттеу барысында автор өзінің хабарлауына енгізгісі келетін жаңа идеялар мен жаңа ойлар туындауы мүмкін. Эссе мазмұнын құрайтын автор ұстанымының негізіне автордың жеке әсері, толғанысы жатуы мүмкін бола тұра, эссе авторына (әсіресе жаңа бастаған) қосымша ақпараттар артықтық етпейді. Эссенің тақырыбы қажет материалды қайдан іздеуге көмектеседі. Бұл кітапхана, интернет ресурс-тары, сөздіктер, анықтамалықтар, қайта оқып шығуды қажет ететін бұрын оқылған кітаптар болуы мүмкін. Сондай-ақ жаныңдағы адамдардан алынған ақпараттар да қажет.
Келесі кезең – дайындық: ақпараттарды жинақтау, тезистерді құрастыру, жұмыстың құрылымын, баяндау тәсілін анықтау.
Ақпараттарды жинақтау көп уақытты алады: деректерді тексеру керек, өнімді идеялармен істеп жатқаныңызға көз жеткізуіңіз керек, бар материалдарды ретімен қойып, қайта саралап, қарап шығу керек. Кейбір мәліметтерді алып тастап, басқаларын кеңейтуге тура келеді, қандай жағдайда да не жинай алғаныңызды жүйелеп жазу керек.
Тезистер жұмыста ұсынылатын ақпараттарты жүйелеуге, идеялардың арасындағы сәйкестіктер мен сабақтастықты анықтауға көмектеседі. Ең жақсысы эссе жазуда көздеген мақсатқа жетуге көмектесетін маңызды ақпараттың өзін таңдаудан бастаған дұрыс. Содан соң, онда басқа да маңыздырақ ақпараттар алынады.