Тақырыбы: «Қош келдің, Жаңа жыл!»
Мақсаты: Балаларға жаңа жыл туралы түсінік беру. Аяз Ата сыйлық беретінін айтып, балаларды қуанышқа бөлеу. Шыршаның әсемдігіне назар аударып, ойыншықтардың әдемілігіне қызықтыру. Әндер, билер арқылы балаларды өнерге талпындыру. Өлеңдерді мәнермен айтып, ертеңгілікте достық сезімдерін ояту, ән, тақпақ арқылы сөздік қорын дамыту.
Музыка әуенімен балалар залға билеп кіреді.
Тәрбиеші:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Бақыт, шаттық, тыныштық
Қоян жылы әкелсін бәрімізге!
Құрметті балалар, ата-аналар, қонақтар! Жаңа жыл құтты болсын! Жаңа жыл құт береке әкелсін! Балаларыңызбен бірге бақытты болыңдар!
Біздің: «Қош келдің, жаңа жыл» ертеңгілімізге қош келдіңіздер!
Тәрбиеші: Балалар орнымызға отырайық. Ал ендеше жаңа жыл туралы тақпқтарымызды айтайық.
А.Сұлтан:
Уа халайық жараңдар
Айналаға қараңдар
Жаңа жылдың бұл тойын
Салтанатқа санаңдар
Қызық көріп шат болып,
Шаттық күліп тараңдар
Кәусар:
Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз той жылда біз.
Жарқын-жарқын ән салып,
Жалғасады жырға-жыр.
Өлеңде әзір, ән де әзір,
Ойын да әзір, бәрі әзір.
Кел жаңа жыл біздерге,
Кел жаңа жыл, жаңа жыл.
Ә.Сұлтан:
Тамаша, тамаша!
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
Амир:
Жасыл жиек жамылған,
Асыл моншақ тағылған,
Міне, сұлу шыршамыз
Көптен күтіп, сағынғын
Залға музыка әуенімен Эльза мен Анна кіреді.
Эльза: Қандай күшті мереке болайын деп жатыр?!
Анна: Айтшы, сен неге бөлмеңде жасырынып жүрсің? Менің ішім пысты.
Эльза Сенің есіңде ме бұрын екеуміз қалай жақсы ойнайтын едік? Сен маган аққала жасап беретін едің? Мен бәрі бұрынғыдай болса екен деп армандаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |