Эльза: Жарайды, Анна ( қолың көтеріп калады, шырша атып, шамдары сөніп қалады, Эльза жүгіріп шығып кетеді)
Музыка әуенімен Барыс кіреді. Барыс: Мен білдім, бұл жерде сыйқыр болатынын. Шыршамыз қатып қалды, енді мерекеміз болмайды.
Анна: Бұл мен, мен кінәлімін. Ол менің сіңілім. Мен алып келемін оны.
Тәрбиеші: Онда бәріміз Эльзаны іздеуге кірісейік.
Би: «Эльза» қыз балалар Аққала: Саламатсыздарма балалар! Мен Олафпын. \Сен кімсің деп Аннаға қарайды.\
Анна: Мен, Аннамын, Олаф сені Эльза қатырып тастады.
Аққала: Не болды?
Анна: Ол менің сіңілім, ол шыршамызды қатырып тастады.енді шыршамыз көңілсіз тұр
Аққала: Мен білемін қайда бару керегін, менің артымнан еріңіздер! \ барлығы Аққаланың артынан жүреді, ширманың артынан Эльза шығады\
Анна: Эльза, сен неге қашып кеттің?
Эльза: Мен қорқамын біреуге зиянымды тигізіп қоямын ба деп.
Аққала: Жаңа жыл болып жаты бізде, бірақ шыршамыз әлі қатып тұр.
Эльза: Мен ештеңе жасай алмаймын, Анна тіпті сені де құшақтауға қорқамын.
Тәрбиеші: кім бізге көмек бере алатынын мен білемін. Мына жұмбақты шешсеңіздер ол кім екенін білесіздер?
Бір ақсақал жылына
Бір-ақ рет келеді.
Көп қызы мен ұлына
Сыйлық әкеп береді. (Аяз ата)
Музыка әуенімен Аяз ата мен Ақшақар кіреді. Аяз ата: Амансыңба, ұлдарым
Есенсізбе бе қыздарым
Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем жырларың
Асулармен алысқан
Асау желмен жарысқан
Қасымда бар Ақшақар
Ол да ренжіп қалмасын
Ең бақытты балалар
Оған да ән,би арнасын!
Ақша қар: Сәлеметсіз бе, балалар!
Сәлеметсіз, бе қонақтар!
Жаңа жыл құтты болсын!
Жаңа жыл сізге зор денсаулық, мол бақыт әкелсін!
Тәрбиеші: Рахмет, Аяз Ата, Ақшақар! Аяз Ата, қараңызшы біздің шыршамыздың шамдары жанбай тұр. Шырша шамдарын сиқырлы таяғыңызбен жағып беріңізші.