«Биология» пәнінен» ашық сабақ жоспары
Пән: Биология
Топ: № 3
Сабақтың тақырыбы: Органикалық дүниенің даму жолдары мен заңдылықтары.
Сабақтың түрі : аралас, түсіндірмелі-иллюстративті,
Сабақтың мақсаттары:
1.Білімділік:
-
Макроэволюция және оның дәлелдемелерін келтіре отырып «ароморфоз», «идиоадаптация», «дегенерация», «аналогия және гомология» ұғымдарына түсінік бере отырып білімдерін тереңдету:
-
Органикалық дүние эволюциясының бағыттарын салыстыра отырып, олардың биологиялық маңызын анықтау.
2.Тәрбиелік:
-
Өз ойларын ашық айтуға дағдыландыру. Практикалық және ой мәдениетінің еңбегін түзету жолдарын тудыру, өз ісіне жауап және баға беру, биологиялық ойлауды тәрбиелеу
3.Дамытушылық:
-
Жаңа және өтілген материалдарды байланыстыра алу жолдарын табу, мәселені шешу жолын іздеуге, жалпы диалогтарға қатысуы, басқа оқушыны тыңдау, тыңдай алу қабілетін дамыту.
Пәнаралық байланыс: генетика, дарвинизм, эмбриология, анатомия, химия
Сабақтың жабдықтары: сабаққа эпиграф, сабақ жоспары, тірек конспект, презентация «Microsoft Point» флипчарт, таратпа кестелер.
Оқытудың техникалық құралдары: компьютер, мультимедиалық проектор.
Негізгі әдебиеттер:
Қасымбаева Т., Тіршіліктану 10-11 сынып,
Қосымша әдебиеттер:
Т.А.Дмитриева, С.В.Суматохин., «Биология» 8-11 классы
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)
-
Сәлемдесу
-
Түгендеу
-
Сабаққа кірісу
2.Үй тапсырмасын тексеру (30 мин)
Сұрақтар бойынша фронтальды жұмыс:
1сұрақ: эволюция дегеніміз не?
2 сұрақ:эволюциялық ілім дегеніміз не?
3 сұрақ: жер бетінде тіршіліктің пайда болу тұралы қандай көзқарастар
қалыптасты?
Проблемалық сұрақ: Неге креацинизм көзқарасқа мұсылман философиясын
жатқызбаймыз?
4. сұрақ: Эволюциялық түсініктердің қалыптасуы қандай кезеңдерге бөлінеді
және әр кезеңде қандай ғылымдар өзінің үлесін қосты?
5 сұрақ: Метафизикалық кезең, оның эволюциялық идеялардың дамуына
тігізген әсері және қандай ашылған жаңалықтар метафизикалық
көзқарасты өзгертті?
6 сұрақ: Сипаттау кезеңі. Биология ғылымының дамуына К. Линнейдің
еңбектерінің маңызы неде? (Слайд – К. Линней)
К.Линнейдің өмір баяны ( оқушының К.Линней туралы дайындалған мәлімет) (Слайд К. Линней)
Проблемалық сұрақ: Неге К. Линнейдің жүйесін жасанды жүйе деп атайды?
Ж.Б. Ламарк өмірбаяны (оқушының Ж.Б. Ламарк туралы дайындалған мәліметі) (Слайд - Ж.Б. Ламарк)
7 сұрақ: Эволюциялық кезең. Ж.Б. Ламарк эволюция үдресінің бағытын
және қозғаушы күштерін қалай түсіндіреді . Ламарктің
I және II заңы. (Слайд – Ж.Б. Ламарк)
Жазбаша тексеру жұмысы:
8 сұрақ: Эволюциялық идеялардың дамуы туралы не білемін.
Чарлз Дарвинның өмір баяны ( оқушының Ч. Дарвин туралы дайындалған мәлімет) (Слайд Ч. Дарвин, карта)
9 сұрақ: «Эволюция» деген схеманы түсіндіру (схема құрастыру – Флипчарт 1)
Эволюциялық кезеңдер Озықты даму Эволюциялық идеялар
Ғылыми-техникалық Эволюция Ч.Дарвин
Прогресс
К. Линней Ж.Б. Ламарк
Проблемалық сұрақ: Қазіргі жирафтың ата-тектерінде ұзын мойын және ұзын
аяқтары болған жоқ. Жануарда осы белгілердің пайда
болуын К. Линней, Ж.Б. Ламарк және Ч. Дарвинің ілімі
бойынша түсіндіріңдер.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру (30 мин)
-
Макроэволюция және оның дәлелдемелері
-
Терминдермен жұмыс:
-
Конвергенция ұғымы (Слайд 1)
-
Эволюцияның салыстырмалы тәнтанымдық дәлелдемелері (Слайд 2,3,4,5)
-
Онтогенетикалық дәлелдемелер (Слайд 6)
-
Палеонтологиялық дәлелдемелер
-
Филогенетикалық қатарлар (Слайд 7)
-
Эволюциялық әрекеттің негізгі бағыттары мен жолдары:
-
Биологиялық прогресс және регресс
-
Араморфоз ұғымы (Слайд 8)
-
Идиоадаптация ұғымы (Слайд 9)
-
Дегенерация ұғымы (Слайд 10)
4.Сабақты бекіту : (5 мин)
Органикалық дүние дамуының дәлелдемелері
Дәлелдемелер
|
Анықтама
|
Мысалдар
|
Эволюциядағы маңызы
|
1.Салыстырмалы анатомия
2.Онтогенетикалық
3.Палеонтологиялық
|
|
|
|
Эволюцияның негізгі жолдарын салыстыру
5.Сабақты қорытындылау: (2 мин)
6. Білімдерін бағалау: (3 мин)
7.Үйге тапсырма беру: (2 мин)
«5» баға – органикалық дүние бағыттарын салыстыру, органикалық эволюцияның негізгі бағыттарына адамның іс-әрекетіне әсерін ашып беру, кроссворд құру;
«4» баға - өсімдіктер мен жануарлардағы ароморфоздар мен идиоадаптацияларды табу, эволюцияның негізгі жолдарын салыстыра отырып Венн диаграммасын құру;
«3» баға - §54,55 оқу, органикалық дүние дамуының дәлелдемелерін келтіру;
Достарыңызбен бөлісу: |