167
Атласты жоғарыда қарастырылған
проекциялармен құрылған
мұхиттардың карталары қорытындылайды.
Қазақстан географиясы физикалық география (8сынып)
жəне экономикалық жəне əлеуметтік география (9 сынып) кур-
старынан тұрады. Бұл курстарды оқыту барысында негізгі на-
зар еліміз бен оның жеке өңірлері табиғатының ерекшеліктері
мен экономикасының дамуын қарастырумен қатар табиғат пен
шаруашылықтың өзара байланысын оқытуға аударады. Бір-
бірімен өзара байланысқан тақырыптар 8-9 кластарға арналған
атластағы карталарды құру барысында ескерілген. Картаның
атқаратын қызметінің бірдей болуы екі атласқа да біртекті
математикалық негізді таңдауға мүмкіндік берді.
Қазақстанның карталары В. В. Каврайскийдің қиып өтетін
тең аралық қалыпты конусты проекциямен құрылған. Орналасқан
орнына байланысты полюс көрсетілмеген. Картадағы ендіктер
мен бойлықтар бойынша картографиялық тордың жиілігі 5º.
Картаның масштабы тақырыптық салмағына байланысты 1:10
000 000 жəне 1:15 000 000 құрайды.
Екі картаның да географиялық негіздері бірдей. Географиялық
негіздің элементтерінің жинақталуы материктер мен мұхиттардың
атласындағы карталарға қарағанда төмен.
8 сыныпқа арналған физикалық-географиялық атластың кар-
талары
«Қазақстан дүниежүзінің картасында» тақырыбымен
ашылып, еліміз аумағының зерттелу тарихын айқындайтын та-
рихи карталар берілген. Содан кейін физикалық, жəне əкімшілік-
аумақтық карталар ұсынылған.
Атластың тақырыптық карталарында ел аумағындағы же-
келеген табиғат құбылыстары кесінделген. Қазақстанның
геологиялық құрылысы мен тектоникалық құрылымдары жан-
жақты сипатталған. Атласқа климат, топырақ жəне өсімдіктер
жамылғысының карталары енгізілген. Олардың тақырыптық
мазмұны барлық кескіндеу əдістерін қамтыған.
Географиялық негіздері мен пайдалы қазбалардың шартты
белгілері атластың бірінші бетінде, əр
картада тек тақырыптық
мазмұнының шартты белгілері берілген.
Ақпаратпен жақсы қамтамасыз етілуімен ерекшеленетін
9 сыныпқа арналған географиялық атлас
Қазақстанның
168
əкімшілік-аумақтық картасымен ашылады. Елімізге əлеуметтік-
экономикалық сипаттама беру халықтар картасы бөлімінен ба-
сталады. Оны отын-энергетика кешенінің, қара жəне түсті ме-
таллургия, машина жасау, химия, құрылыс материалдары, жеңіл
жəне тамақ өнеркəсібінің, агро-өнеркəсіптік кешенінің, көлік
жəне коммуникация кешенінің карталары жалғастырады.
Екінші бөлімде жеке экономикалық аудандардың картала-
ры қамтылған. Өнеркəсіп орталықтары сала бойынша бірнеше
бөлік
терге бөлінген белгігілеу əдісімен кескінделеді. Ауыл
шаруа шылық аудандарын ашып көрсету үшін сапалық түс, же-
келеген дақылдар өсірілетін аумақтардың
шекарасын көрсетуге
ареал тəсілі қолданылған. Атласта көрнекі материалдардың саны
азай тылып, олардың орнына кесте түрінде статистикалық көрсет-
кіш тер берілген.
10 сыныпқа арналған
дүние жүзінің экономикалық,
əлеуметтік жəне саяси географиясының атласы
ақпаратқа ең
жақсы қаныққан. Ол айқын ажыратылатын екі бөлімнен тұрады.
Дүние жүзінің картасы үшін картографиялық торы ендіктер
мен бойлықтар бойынша 30º бөлінген ГАжКОҒИ көп конусты
проекциясы қолданылған. Карталар бір бетте немесе бүктелетін
екі бетте кескінделеді.
Атластың бірінші бөлімі дүние жүзінің саяси картасынан ба-
сталып оны Жер шарының минералдық, жер, су, агроклиматтық
ресурстардың карталары қорының карталары жалғастырады.
Тақырыптық карталардың географиялық негіздері əртүрлі
болуымен ерекшеленеді. Картаның тақырыптық мазмұнын ашу
үшін сапалық түс (жер ресурстаны), ареал (минералдық
ресур-
стар), картограмма (су корларымен қамтамасыз етілуі), картодиа-
грамма (су қоймасының көлемі), изосызықтар (агроклиматтық
ресурстар) тəсілдері қолданылады.
Ресурстар карталарынан соң халықтың қоныстануын, əртүрлі
демографиялық сипаттамаларын жəне өнеркəсіп салаларын ашып
көрсететін дүние жүзінің əлеуметтік-экономикалық карталары
орналасады. Бұл бөлімде əртүрлі аймақтардағы шаруашылық
салаларының даму деңгейін ашып көрсету үшін картограм-
ма, өнеркəсіп өнімдерінің көлемін бейнелеуге картодиаграмма,
өнеркəсіп өнімін тасмалдайтын негізгі ағынды сипаттау үшін
қозғалыс белгілері тəсілдері қолданылады.
169
Бірінші бөлімге жататын барлық карталар қима карталар, ди-
аграммалар, кестелер, статистикалық деректер сияқты қосымша
мазмұнмен жабдықталған.
Екінші аймақтық шолу бөлімінде біршама нақты əрі кең
көлемді ақпараттар берілген. Орналасқан географиялық орнына,
ауданына байланысты олардың математикалық
негіздері алуан
түрлі болатындықтан бұрмаланудың таралу сипаты жағынан бір-
бірінен айырмашылығы бар азимутты, конусты проекциялардың
əртүрлі нұсқалары қолданылады. Олар масштабтық қатары
күрделі болуымен ерекшеленеді.
Белгілі дəрежеде жоғары жинақталатын экономикалық карта-
ларда ақпараттың көлемі өте үлкен болады. Ол, əсіресе, өнеркəсіп
орталықтарын жан-жақты ашып көрсетуді көздейтін экономикасы
жоғары дамыған елдерде айқын байқалады. Атласты экологиялық
тақырыптағы қарталар қорытындылайды.
Əсіресе, Ресейдің əртүрлі баспалары шығарған материк-
тер мен мұхиттардың жəне дүниежүзінің экономикалық,
əлеуметтік жəне саяси географиясының атластары жалпыға
бірдей орта білім беретін мектептердің стандарттары мен оқу
бағдарламаларына сəйкес келетінін атап өтуге болады. Мысалы,
физикалық-географиялық немесе өнеркəсіпті
аудандардың кар-
талары қосылып, тақырыптардың саны артуда, экономикалық
карталар ерекше жіктеу тобы инфроқұрылымдар элементтерімен
толықтырылуда.
Достарыңызбен бөлісу: