Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



Pdf көрінісі
бет233/439
Дата08.02.2022
өлшемі11,51 Mb.
#124614
түріОқулық
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   439
Байланысты:
tokpanov-kartografia

7.14-сурет
.
Координаттар білігінің бағыты. А-аймақтың тік бұрышты 
координатының біліктері жəне 7 аймақта орналасқан А В нүктелерінің 
координаттары; Ə – Картаның бір бетінің аймақтағы орыны (штрихталған) 
жəне зона шегіндегі тік бұрышты коордитаттар торының сызбасы


279
Нүкте ординатының бірдей мəні жер бетінің екі бұрышты 6° 
бөлінген 60 аймақтың əрбірінде кездесетіндіктен есептелінген 
ординаттардың алдына аймақтпрдың белгіленген реттік са-
нын қою қабылданған. Мысалы, 12 аймақтағы нүктелердің тік 
бұрышты координаты Х=5986326,0, Ү=12316175,0; ал оңтүстік 
жарты шардағы 6 аймақтікі Х=5934575,0, Ү=6516175,0 деп жазы-
лады. Тік бұрышты координатты толық жазғанда нүктенің абсцис-
сасы əрқашан экватордан қандай қашықтықта орналасқанын шын 
мəнінде көрсететінін есте сақтау қажет. Мысалы, Х=5986326,0 
саны берілген нүктенің экватордан 5986 шақырым 326 метр 
қашықтықта орналасқанын көрсетеді. 
Нүктенің ординаты əрқашан шартты мəнге ие болады жəне 
онда жазылатын жеті немесе сегіз мəнді сан сол нүктенің кез-
келген аймақтың біліктік меридианынан метр (шақырым) есебімен 
алынған қашықтығын білдіреді. Мысалы, біліктік меридианның 
сол жағында (батысында) орналасқан Ү=12316175,0 санындағы 
алдыңғы 12 аймақтың реттік санын, 316175,0 нүктенің сол 
займақтың біліктік меридианынанның сол жағында (батысын-
да) шартты түрде 316175,0 метр қашықтықта орналасқанын 
көрсетеді.
Ал оның біліктік меридианнан нақты қашықтығын есептеу 
үшін жоғарыда көрсетілген нүктенің ординаты Ү мəнінен 500 
000,0 санын аламыз. Сонда нүктенің біліктік меридианнан нақты 
қашықтығы ( 316175,0 -500 000,0=-183825,0 м ) -183825,0 м екені 
анықталады. 
Біліктік меридианның оң жағында (шығысында) орналасқан 
нүктенің ординаты Ү=6516175,0 санындағы 6 аймақтың реттік 
саны, 516175,0 нүктенің 6 аймақтың біліктік меридианның оң 
жағында (шығысында) орналасқан шартты түрдегі қашықтығын 
білдіреді. Сонда бұл нүктенің біліктік меридианнан нақты 
қашықтығы 516175,0 -500 000,0=+161175,0 м болады.
Ордината бойынша нүктенің аймақтың біліктік мерианының 
оң немесе сол жағында орналасқанын анықтау үшін 500 000 ша-
масын алғаннан соң аймақтың реттік санын шегергенде қалған 
сандарды бір-бірімен салыстырады. Егер қалған сан 500 000 кіші 
болса, біліктік меридианның сол жағында (батысында), үлкен 
болса оң жағында (шығысында), ал тең болса нүктенің біліктік 


280
меридиан бойында орналасқанын білдіреді [7.14-сурет]. Оны 
дəлелдеуге 4.5-суреттегі деректер мүмкіндік береді.
Мұндағы О нүктесі 12 аймақтың координатын есептеудің 
бастауы 
болып табылады +833963,0 жəне -833963,0 санда-
ры 6 аймақтың бір-бірімен симметриялы шеткі нүктелерінің 
экватордағы метр есебімен алынған нақты қашықтығы. Оларды 1° 
доғаның экваторда 111321 метр екенін ескере отырып есептейді. 
Онда біліктік меридианнан 3° қашықта орналасқан аймақтың 
шеткі нүктесінің (111 321,0м х 3) +500 000,0м=833963,0) мəні 
833963,0 м тең болады. Ординатты өлшеудің бастауы 500 000 
м өзгертілгендіктен бұл нүктенің шартты түрдегі қашықтығы 
166037 жəне 833963,0м тең болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   439




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет