21
1 рет білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы және оның
аумақтық бөлімшелерінде ҚР Кәсіпкерлік кодексіне және ҚР «Білім туралы»
Заңына сәйкес жүргізіледі.
Бірінші мемлекеттік аттестаттау қайта құрылған:
- мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
жалпы білім беретін оқу
бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында – 3 жыл сайын;
- бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу
бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында – 4 жыл сайын
өткізіледі.
Мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізбесін
білім беру саласындағы
уәкілетті органның ведомствосы, оның аумақтық
бөлімшелері бекітеді, сондай-ақ осы мемлекеттік органдардың ресми сайтында
орналастырылады.
Білім беру ұйымы жыл сайын ұсынылатын білім беру қызметтерінің
МЖМБС талаптарына сәйкестігіне өзін-өзі бағалау жүргізеді және білім беру
саласындағы уәкілетті органның ведомствосына, оның аумақтық бөлімшелеріне
өзін-өзі бағалау материалдарын ұсынады.
Өзін-өзі бағалау: талдауды,
ішкі бақылауды, диагностиканы, жоспарлау
құралдарын, білім беру қызметін жақсартудың түзету механизмдерін қамтиды.
Білім беру ұйымдары білім беру қызметін өзін-өзі бағалауды ҚР БҒМ
2016 жылғы 2 ақпандағы № 124 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарын
бағалау өлшемшарттарын пайдалана отырып жүргізеді.
Өзін-өзі бағалау білімді, білік пен дағдыларды
бақылау жұмыстарын
(бітіруші сынып білім алушыларын кешенді тестілеу), ата-аналарға/заңды
өкілдерге сауалнама жүргізуді қамтиды.
Кешенді тестілеу бастауыш білім беру үшін екі пән (оқыту тілі,
математика), негізгі орта білім үшін үш пән (оқыту тілі, математика (алгебра
немесе геометрия), тест тапсырмасының нұсқасына байланысты инварианттық
компоненттің бір пәні) және жалпы орта білім беру үшін төрт пән (алгебра
немесе геометрия), тест тапсырмасының нұсқасына байланысты инварианттық
компоненттің екі пәні) бойынша өткізіледі. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
деңгейінде ата-аналарға сауалнама жүргізіледі.
Білім беру ұйымдарына бармай профилактикалық бақылау арқылы
мемлекеттік аттестаттауды жүзеге асырудың шарттарын сақтау:
- бақылау органдарының білім беру ұйымына баруына тыйым салынады;
- құқықтық статистика мен арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті
органда тіркелу және білім беру ұйымын алдын ала хабардар ету талап
етілмейді;
- аттестаттау қорытындысы бойынша құқық бұзушылық болған жағдайда
әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмайды, бірақ білім беру ұйымына
оны жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, қорытынды беріледі.
Мемлекеттік
аттестаттау
білім
беру
ұйымдарына
бармай-ақ,
профилактикалық бақылау арқылы білім
беру ұйымдарының білім беру
саласындағы ақпараттандыру объектісінің ресми сайттарында орналастырылған
22
білім беру қызметі туралы өзін-өзі бағалау материалдарының деректерін
ұйымдардан және уәкілетті мемлекеттік органдардан алынған мәліметтермен
салыстыру арқылы талдау жүргізіледі.
Мемлекеттік аттестаттау 7 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өткізіледі.
Мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бойынша келесідей қорытынды
беріледі:
- егер білім беру ұйымының білім беру
қызметі МЖМБС талаптарына
толық сәйкес келсе, «аттестатталды»;
- егер білім беру ұйымының білім беру қызметі МЖМБС талаптарына
сәйкес келмесе, «аттестатталмаған».
Білім беру ұйымдары қорытындыда көрсетілген заң бұзушылықтар
бойынша қорытынды табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап, 5 жұмыс
күнінен кешіктірілмеген мерзімде білім беру саласындағы
уәкілетті органның
ведомствосымен, оның аумақтық бөлімшелерімен келісілген, бір жылдан
аспайтын мерзімді көрсете отырып, заң бұзушылықтарды жою жөніндегі
шаралар туралы ақпарат береді.
Заң бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін білім беру ұйымы заң
бұзушылықтарды жою туралы есепті білім
беру саласындағы уәкілетті
органның ведомствосына, оның аумақтық бөлімшелеріне ұсынады.
Берілген есепті негізге ала отырып, білім беру ұйымдары 5 жұмыс күні
ішінде қайта қорытынды шығарады.
Заң бұзушылықтар жойылмаған жағдайда
белгіленген мерзімде есеп берілмесе, білім беру ұйымы аттестатталмаған болып
есептеледі, бұл сол білім беру ұйымына бару арқылы профилактикалық
бақылау жүргізу үшін негіз болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: