Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың



Pdf көрінісі
бет334/410
Дата08.02.2022
өлшемі3,97 Mb.
#124741
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   410
Байланысты:
ӘНХ 2021-2022

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша: 
-
«Орталық Азия өркениеттерінің ежелгі ошақтары»;
-
 «Қазақстан аумағындағы этногенез және этникалық процестер»; 
-
«Қазақстан аумағындағы ертедегі мемлекеттердің саяси ұйымы»; 
-
«Түркі империясы-көшпенділер мемлекеттігінің классикалық үлгісі. 
Түркі империясының мұрагерлері»; 
-
«Қазақ халқының мемлекеттік егемендігін қалпына келтіру үшін 
күресі»; 
Дүниежүзі тарихы бойынша: 
-
«
Ежелгі әлем өркениеті»; 
-
«Әлемдік діндер және өркениеттердің дамуы»; 
-
«Заманауи өнердің даму тенденциялары». 


291 
«Құқық негіздері» пәні бойынша білім алушылардың білімдегі 
олқылықтарын толықтыру бойынша жұмысты ұйымдастыру кезінде, құқық 
жүйелі ғылым болғандықтан алдымен негізгі тақырыптар бойынша 
олқылықтарды анықтау үшін оқу материалының негізгі бөлімдерінен 11-сынып 
білім алушыларының біліміне мониторинг жүргізу ұсынылады.
10-сынып 
бойынша 
мониторинг 
жүргізуге 
ұсынылатын 
оқу 
мақсаттары:
10.1.1.3 құқық жүйесі және оның негізгі элементтерін түсіндіру (құқық 
нормалары, сала, ішкі сала, құқықтық институт);
10.1.3.2 адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жіктеу 
(саяси, азаматтық, әлеуметтік, экономикалық және мәдени);
10.2.1.1 Конституциялық құқық институт тарын құқықтық норма жүйесі 
ретінде түсіндіру;
10.2.1.2 Конституциялық құқықтың қайнар көздерін анықтау және 
олардың міндеттерін түсіндіру (Конституция, Конституциялық заңдар, 
Конституциялық Кеңестің актілері және тағы басқалар);
10.2.4.1 қылмыстық кодекстің мазмұны мен құрылымын анықтау, 10.2.4.3 
нақты мысалдар арқылы қылмыстық теріс қылық пен қылмысты қоғамдық 
қауіптілік дәрежесіне сәйкес сипаттау;
10.3.1.1 Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының қайнар көздерін 
түсіндіру (Азаматтық кодексі, заңдар, заңға тәуелді актілер, Азаматтық 
кодексін толықтыратын және нақтылайтын ережелер);
10.3.1.3 азаматтық құқық субъектілерін анықтау;
10.3.1.4 азаматтық құқық объектілерін олардың елеулі белгілері бойынша 
ажырата білу;
10.3.3.2 Қазақстан Республикасының отбасылық қарым-қатынастарының 
құқықтық реттелуінің негізгі ұғымдары мен принциптерін түсіндіру;
10.3.4.1 Қазақстан Республикасының еңбек қатынастарын құқықтық 
реттеудің негізгі ұғымдары мен принциптерін түсіндіру;
10.4.1.1 қылмыстық процестің негізгі міндеттері мен принциптерін 
түсіндіру;
10.4.1.2 қылмыстық процесс субъектілерін ажырату;
10.4.2.1 азаматтық процестің негізгі міндеттері мен принциптерін талдау;
10.4.2.2 азаматтық процестің субъектілерін ажырату.
Сонымен қатар білім алушылардың талдау дағдыларын қалыптастыру, 
заңдармен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеуге және 
оларды практикалық жағдаяттарды шешу кезінде тәжірибеде қолдануына көңіл 
бөлу ұсынылады. Білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін 
дамытуға, нақты құқық нормасына сілтеме жасай отырып, өз көзқарасын 
дәлелдей білуге ерекше назар аудару қажет.
«Құқық негіздері» пәні бойынша білім алушылардың біліміндегі 
олқылықтардың орнын толықтыру құралы ретінде жаңа тақырыпты зерделеуде
өткен тақырыптарды салалық белгі бойынша біріктіру ұсынылады.
Мысалы, 10-сыныпта 10.1.1.1 құқық белгілерін қорытындылай отырып, 
ұғымын түсіндіру оқу мақсатын 9.1.1.1 әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқық 


292 
ұғымы мен рөлін түсіндіру оқу мақсатын тапсырмаларда кіріктіріп беру 
ұсынылады;
 
11-сыныпта 11.3.1.1 келісімшарттың ерекше белгілерін айқындай 
отырып мазмұнын түсіндіруде 10.3.1.3 азаматтық құқық субъектілерін анықтау 
және
10.3.1.4 азаматтық құқық объектілерін олардың елеулі белгілері бойынша 
ажырата білу оқу мақсаттарымен кіріктіру ұсынылады.
Сонымен қатар «
Құқық негіздері» пәні бойынша
білім алушылардың 
біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша 
қосымша сабақтар
шағын топтармен жұмысты ұйымдастыру кезінде оқу пәндері бойынша 
келесі тақырыптарды меңгерту ұсынылады: 
-
«Құқықтық мемлекет ұғымы және принциптері»; 
-
«Адам құқықтары ұғымы және оның негізгі түрлері»; 
-
«Қылмыстық құқық бұзушылықтар және қылмыстық жауапкершілікке 
тартылатын адамдар». 
Білім олқылықтарының орнын толықтыру бойынша жұмысты 
ұйымдастыру кезінде белсенді оқыту әдістерін (кейс-технологиялар, 
графикалық органайзерлер, имитациялық ойындар) және интерактивті 
(кластерлер, пікірталастар, дебаттар) қолдану ұсынылады. 
Сыныптан тыс оқу-тәрбие жұмыстары білім алушыларды қоғамдық
өмірге бейімдейтін, жұмыс тәжірибесін жинақтайтын, жаңа жағдайдағы қарым-
қатынасқа үйрететін, қызығушылықтар мен талаптарды іске асыратын 
әлеуметтік ортаның бір бөлігі болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   410




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет