Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың


Жеке оқыту түріндегі сыныптардағы (топтардағы) оқу процесінің



Pdf көрінісі
бет356/410
Дата08.02.2022
өлшемі3,97 Mb.
#124741
1   ...   352   353   354   355   356   357   358   359   ...   410
Байланысты:
ӘНХ 2021-2022

Жеке оқыту түріндегі сыныптардағы (топтардағы) оқу процесінің 
ерекшеліктері 
Жеке оқыту нысаны ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 
17 қыркүйектегі № 375 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік 
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылы 18 қазанда № 8827, 
45, 50 б. тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады; жеке күндізгі және сырттай оқу 
нысандары бар топтарда бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің 
үлгілік оқу жоспарлары (жаңартылған мазмұны) бойынша жүзеге асырылады.
Сабақтар кестеге сәйкес аптасына 4 күн өткізіледі. Сырттай оқытудың жеке 
топтары (ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 
бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді 
мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 18 қазанда № 8827 болып тіркелген) 
сәйкес 1-ден 8 адамға дейін толықтырылып ашылады. 
Жеке оқыту түріндегі топтарға өмірлік қиын жағдайға тап болған


327 
14 жастан бастап білім алушылар (375 бұйрықпен сәйкес келмеуі) қабылданады.
Білім беру процесіне оқытудың жеке нысанын енгізу және пайдалану «Қазақстан 
Республикасының бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу 
жоспарларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 08.11.2012 жылғы № 500 бұйрығына 
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ 04.09.2018ж. №441 
бұйрығының 55-56-баптарына сәйкес жүзеге асырылады; ҚР Білім және ғылым 
министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №137 бұйрығымен бекітілген оқу 
процесін ұйымдастыру қағидаларына және жергілікті нормативтік актілер 
шеңберінде – білім беру ұйымының ішінде, сондай-ақ 
өңірлік нормативтік 
актілерге
сәйкес жүзеге асырылады. 
Жеке оқу нысанындағы 7 және 8-сынып топтарын оқыту күндізгі оқу 
нысанындағы 7 және 8-сыныптар үшін ҮОЖ бойынша жүзеге асырылады
(
ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына 51-52-қосымша).
Жеке оқыту нысанындағы 9, 10, 11-сынып топтарын оқыту сырттай оқу 
нысанындағы 9,10,11-сыныптар үшін ҮОЖ бойынша жүзеге асырылады 
(ҚР БҒМ 
2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына 53-54-қосымша). 
Білім беру процесіне қашықтықтан оқытуды енгізу және пайдалану
ҚР БҒМ 2015 жылғы 20 наурыздағы №137 бұйрығымен бекітілген қашықтықтан 
білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларына 
сәйкес және жергілікті нормативтік актілер шеңберінде – білім беру ұйымының 
ішінде, сондай-ақ өңірлік нормативтік актілерде жүзеге асырылады. 
Кешкі мектепте қашықтан оқытуды ұйымдастыру қажетті ресурстармен 
қамтамасыз етуді және нақты уақыт режимінде және бос уақыт кеңістігінде сабақ 
өткізу үшін жағдай жасауды талап етеді. Білім беру ортасын ұйымдастырудағы 
басты шарттардың бірі әрбір білім алушы үшін оның қол жетімділігінің өлшемі 
болып табылады. Барлық қажетті материалдар білім беру ұйымының сайтында 
орналастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   352   353   354   355   356   357   358   359   ...   410




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет