Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың


 2021-2022 оқу жылында мамандандырылған білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет367/410
Дата08.02.2022
өлшемі3,97 Mb.
#124741
1   ...   363   364   365   366   367   368   369   370   ...   410
Байланысты:
ӘНХ 2021-2022

 
4. 2021-2022 оқу жылында мамандандырылған білім беру ұйымдарында 
білім беру үдерісін ұйымдастыру
Мамандандырылған білім беру ұйымының бүгінгі маңызды функциясы – 
шығармашылық, жобалық, зерттеушілікке бейім, талпынысы мен уәжі өте жоғары 
балаларды анықтау және қолдау. Жетекші ретінде көпаспектілі білім беру 
қызметін төмендегідей санаттар айқындайды: 
- қосымша білім беру пәндері бойынша берілетін білім
- кәсіптік білім берудің пропедевтикасы; 
- кәсіби өзін-өзі анықтау; 
- баланың танымдық қызығушылығын қанағаттандыратын оқыту; 
- әлеуметтену. 
Мамандандырылған ұйым бірқатар жүйелі міндеттерді шешуді көздейді. 
Олардың ең бастапқысы – білім алушыға заманауи сапалы білім алуға мүмкіндік 
жасау. Бұл оның ел дамуының заманауи өмірлік қажеттіліктеріне лайықтылығын 
білдіреді. Педагогикалық тұрғыда – білімнің межелі қорын ғана меңгеріп қоймай, 
оның тұлғалық өсуі, танымдық және жасампаздық қабілеттерінің дамуына да 
бағытталуы.
Білім беру мазмұнын жаңарту мәдениет саласында, шығармашылықта, 
инновациялық әрекетте мемлекеттің, қоғамның, тұлғаның қажеттіліктерін өтеуге 
бағытталған. Бірақ барлық педагогикалық талпыныстардың негізінде білім алушы 
тұруы қажет, ол білім алу процесінде бейім, сыни көзқарасы қалыптасқан, кеңінен 
ойлайтын; өзіндік дұрыс шешім қабылдай алатын; өзгермелі өмір жағдайларына 
бейім; ұжымда жұмыс істей алатын; қиын жағдайлардың алдын алу және 
туындаған жағдайда шешу қабілеттерін меңгеруі қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   363   364   365   366   367   368   369   370   ...   410




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет