338
пайдалана отырып ақпараттық модельдерді зерттеу».
2. Басқа элективтер пәнаралық байланысты қамтамасыз етуге және бейінді
деңгейде аралас оқу пәндерін бейіндік деңгейде оқуға мүмкіндік береді, мектепте
(сыныпта) ең төменгі жалпы білім беру деңгейінде (пәнаралық) жүзеге
асырылатын базистік курстардың бірінің мазмұнын дамытуы тиіс. Бұл
қызығушылық танытқан оқушыларға өздерінің
танымдық қажеттіліктерін
қанағаттандыруға және бейіндік деңгейде осы пән бойынша қосымша дайындық
алуға мүмкіндік береді. Мұндай элективті курстар
қатарына мысал ретінде
төмендегі курстар ұсынылады:
- экономикалық бейінді таңдаған оқушылар үшін «Математикалық
статистика»;
- индустрия-технологиялық бейін үшін «Компьютерлік графика»;
- гуманитарлық бейіндегі «Өнер тарихы»;
- «Сайт құру технологиясы» - әмбебап.
3.
(Бағдарлы
) курстар жеке оқушылардың адам іс-әрекеті саласындағы
танымдық қызығушылықтарын олардың таңдаған
бейінінің шеңберінен
шығатындай қанағаттандыруға бағытталған. Мысалы, технологиялық бейін –
«XX ғасырдағы шетел әдебиеті». Элективті курстардың тағы бір түрі еңбек
нарығында табысты алға жылжу үшін оқушылардың білім беру нәтижелеріне қол
жеткізуіне бағдарлануы мүмкін. Осындай курстарға «Компьютерлік графика», «Іс
қағаздарын жүргізу» немесе «Іскерлік ағылшын тілі»
курстары, «Рационалды
тамақтану негіздері» немесе «Автоәуесқойларды дайындау» және т.б. қызмет
көрсету саласындағы жұмысқа дайындау курстары мысал бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: