Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың



Pdf көрінісі
бет379/410
Дата08.02.2022
өлшемі3,97 Mb.
#124741
1   ...   375   376   377   378   379   380   381   382   ...   410
Байланысты:
ӘНХ 2021-2022

Әлеуметтік-педагогикалық бағыт 
жеке тұлғаны әлеуметтендіруге, оның 
ішінде баланың бос уақытын ұйымдастыруға байланысты бірқатар міндеттерді 
шешуге мүмкіндік береді. Мектеп мұражайлары, әскери-патриоттық клубтар, аула 
клубтары, демалыс орталықтары, балалар лагерьлерінің әртүрлі түрлері, балалар 
қоғамдық ұйымдары, педагогикалық отрядтар педагогтерге патриоттық тәрбиені 
қамтамасыз етуге, балалардың ой-өрісін кеңейтуге, салауатты өмір салты дағдыларын 
дарытуға, бос уақыты мен белсенді демалысын ұйымдастыруға көмектеседі.
Балаларды қосымша білім беруге жаппай тарту, дарынды балаларды анықтау, 
оқушыларды кәсіби бағдарлау, әртүрлі деңгейдегі байқауларда, жарыстарда және басқа 
да іс-шараларда көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дарыту мақсатында 2021-2022 
оқу жылында 
мектепішілік, аудандық (қалалық) және облыстық деңгейлерде балалар 
арасында республикалық іс-шаралардың
өңірлік кезеңдерін ұйымдастыру және өткізу 
ұсынылады: 
1)
«Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің фестиваль-байқауы
«Драмалық 
спектакль»; «Музыкалық спектакль» (опера, оперетта, мюзкл, балет, данс-спектакль 
және т.б.); «Әдеби-музыкалық композиция»; «Қуыршақ спектаклі»
 
номинациялары 
бойынша өткізіледі. Сонымен қатар, балаларды театр өнері әлеміне тартуға, тұлғаның 
мәдени және рухани әлеуетін дамытуға бағытталған 
«Балалар және театр» 
ағартушылық жобасы
іске асырылуда. Жоба аясында оқушылар жас ұрпақтың 
адамгершілік мәдениетін қалыптастырудың ресурсы, жеке тұлғаны әлеуметтендірудің, 
көркемдік талғамды қалыптастырудың қуатты құралы, эстетикалық дамыған
шығармашылық тұлғаны тәрбиелеу механизмі болып табылатын театрларға барады; 
2)
«Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру 
жобасы шеңберіндегі республикалық іс-шаралар: 
- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 
ұйымдардың тәрбиеленушілері арасында «Қазақстан – менің алтын бесігім» балалар 
фестивалі, номинациялары: «Татулықтың тұтқасы – бірліктің бесігі» халық билері 
байқауы; «Жүрек жылуы» вокалистер байқауы; «Ризамын халқыма!» театр байқауы; 
- жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Ұшқыр ой алаңы» 
оқушылардың республикалық дебаттық турнирі; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   375   376   377   378   379   380   381   382   ...   410




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет