Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың



Pdf көрінісі
бет64/410
Дата08.02.2022
өлшемі3,97 Mb.
#124741
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   410
Байланысты:
ӘНХ 2021-2022

3.2 Бастауыш білім беру деңгейі
Бастауыш білім берудің мақсаты
мынадай кең ауқымды дағдылар 
негіздерін меңгерген білім алушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен 
дамуына қолайлы білім беру кеңістігін:
1) білімді функционалды және шығармашылықпен қолдана білу; 
2) сыни ойлау; 
3) зерттеу жұмыстарын жүргізе білу; 
4) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана білу; 
5) коммуникацияның түрлі тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды 
меңгеру; 
6) топпен және жеке жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. 
Бастауыш сыныптардағы сабақ форматы балаларды оқыту үдерісіне 
белсенді қатыстыруды, олардың өткен материалды талқылауға, талдау мен 
қорытуға қатысуын, зерттеу жүргізуді, бағалауға пікірлерін айтуды, өзін-өзі 
бағалау мен өзара бағалауды және т.б. қарастырады. 
Сабақтың міндетті элементі мұғалімнің оқушыны қолдауға бағытталған 
әрекеттерін түзетуге мүмкіндік беретін және білім беру үдерісін жетілдіруге 
мүмкіндік беретін кері байланыс болуы тиіс. Қалыптастырушы бағалау кезінде 
мұғалім білім алушылардың санын және кері байланысты ұсыну жиілігін 
дербес анықтайды.
2021-2022 оқу жылында 1-сынып оқушыларының оқу жетістіктері 
бағаланбайды, 2-4-сыныптарда білім алушылардың оқу жетістіктері 1-ден 
10 балға дейін (қалыптастырушы бағалау) бағаланады. Білім алушыларды 
қалыптастырушы 
бағалау 
нәтижелері 
электрондық/қағаз 
журналға 
қойылады. Мұғалімге балаларды күн сайын бағалау қажет емес. Мұғалім кері 
байланыс беру жиілігін және қалыптастырушы бағалауды балмен қоюды 
өздігінен анықтайды. 
Бастауыш білім беру деңгейінде
 сыныпты екі топқа бөлу
қалалық жалпы 
білім беретін ұйымдарда сыныптарда білім алушылар саны 24 және одан артық, 
ауылдық жерлерде білім алушылар саны 20 және одан артық болғанда: 
1) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда қазақ тілі бойынша; 
2) оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптарда орыс тілі бойынша; 
3) шетел тілі бойынша
4) цифрлық сауаттылық бойынша; 
5) өзін-өзі тану бойынша жүзеге асыруға болады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   410




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет